Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елімізде спортшыларды даярлаудың ғылыми моделі енгізілуде

Елімізде спортшыларды даярлаудың ғылыми моделі енгізілуде
Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігі

Қазақстанда алғаш рет спорттық білім беру жүйесінде кадр даярлаудың жаңа санаттары енгізілді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Бұған дейін оқыту тек мектептегі дене шынықтыру пәніне бағытталған «Дене шынықтыру» мамандығы аясында жүргізілсе, енді жаттықтырушы, әдістеме, оңалту, инклюзивті және цифрлық спорт бағыттарын қамтитын арнайы бағдарламалар іске қосылды.Бұл – елімізде спорт мамандарын даярлауға жүйелі әрі ғылыми тәсіл қолданудың алғашқы қадамы. Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясының базасында мынадай білім беру бағдарламалары жүзеге асырылуда:«Жаттықтырушылық қызмет (спорт түрлері бойынша)» «Спорт және сауықтыру саласындағы нұсқаушы-әдіскер» «Спорттық оңалту» «Үстел үсті спорт түрлерінен педагог-жаттықтырушы (шахмат, тоғызқұмалақ)» «Киберспорт (Esport)»«Дене шынықтыру және спорт (IP)» «Бейімделген дене шынықтыру бойынша педагог» «Қазақ күресі бойынша педагог-жаттықтырушы»Барлық бағдарламада тәжірибеге басымдық берілген.

Студенттер оқу барысында спорт федерацияларында, клубтарда, инклюзивті және оңалту орталықтарында тағылымдамадан өтіп, нақты жағдайларда кәсіби дағдыларын жетілдіреді. Оқу модульдеріне спорттық талдау негіздері, құқықтық дайындық, жекелей жаттығу жүйесі, жарақаттың алдын алу, алғашқы көмек және спорт психологиясы сияқты пәндер енгізілген.Мамандарды даярлаудың жаңа жүйесіндегі маңызды жаңалықтың бірі – Қазақстанда алғаш рет іске қосылған Executive MBA Sport Management халықаралық қос дипломды бағдарламасы. Оны Академия Францияның EKLORE-ed School of Management университетімен бірлесіп әзірлеген. Бұл – елдегі спорт саласының мамандары мен басшыларына арналған алғашқы басқару магистратурасы.

Бағдарлама басқарушылық ойлау қабілетін, халықаралық стандарттар мен спорт индустриясындағы нақты тәжірибелерді біріктіреді. Сонымен қатар шетелде тағылымдамадан өту және еуропалық диплом алу мүмкіндігін қарастырады.Министрлік спортты дамытуда ғылыми негізделген, тұрақты әрі заманауи модельді енгізу жұмыстарын жалғастырады. Бұл ретте мамандарды сапалы даярлауға және олардың кәсіби жетістіктерін қолдауға басымдық беріледі.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті