Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада жол қозғалысы ережелерін бұзған мопед жүргізушілері ұсталды

Астанада жол қозғалысы ережелерін бұзған мопед жүргізушілері ұсталды
Фото: Polisia.kz

Астанада жол қозғалысы ережелерін бұзған мопед жүргізушілері ұсталды, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Өткен демалыс күндері елордада полицейлер рейдтік іс-шаралар аясында мопед жүргізушілері арасында жол қозғалысы ережелерін бұзуды анықтауды жалғастырды. Биылғы сәуір айынан бастап мопедтер ресми түрде механикалық көлік құралдарына теңестірілді. Осы кезеңнен бері Астанада мопед жүргізушілері тарапынан 1329 құқық бұзушылық тіркелген. Соның ішінде, жүргізуші куәлігінсіз мопед басқарғаны үшін 232 адам, ал мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінсіз жүргені үшін 106 адам ұсталды.

Мысалы, жақында Қабанбай батыр даңғылы бойында өткен рейд барысында полицейлер мопедті мемлекеттік нөмірсіз және жүргізуші куәлігінсіз жүргізіп келе жатқан ер адамды тоқтатты. Аталған азаматқа қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, мопед арнайы коммуналдық тұраққа қойылды. Көбіне кездесетін бұзушылықтарға мыналар жатады: қауіпті маневр жасау – 94 дерек, жол белгілері мен сызықтарын сақтамау – 63, жолаушыларды тасымалдау ережелерін бұзу – 26 жағдай. Полицейлер еске салады: мопедті басқару үшін тиісті санаттағы жүргізуші куәлігі мен көлік құралын мемлекеттік тіркеуден өткізу міндетті. Бұл талаптарды орындамаған жағдайда әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті