Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

СҚО-да жолаушыларды заңсыз тасымалдаумен айналысқан шетелдік анықталды

СҚО-да жолаушыларды заңсыз тасымалдаумен айналысқан шетелдік анықталды
Фото: Polisia.kz

СҚО-да жолаушыларды заңсыз тасымалдаумен айналысқан шетелдік анықталды, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

“Қызылжар” автокөлік өткізу бекетінде полицейлер 41 жастағы шетел азаматын кәсіпкерлік қызметті заңсыз жүргізу кезінде ұстады. Ол Петропавлдан Түменге дейін Honda шағын автобусымен алты қазақстандықты тасымалдаған. Құқық қорғаушылардың айтуынша, тіркеусіз және сақтандырусыз жұмыс істейтін заңсыз тасымалдаушылар жолаушылардың өмірі мен денсаулығына жауап бермейді. Әдетте олардың таңдауы түсетін шағын автобустар жеңіл көліктерге қарағанда екі есе көп жолаушыны тасымалдайды. Бұған қоса, тәжірибе көрсеткендей, табысқа ұмтылған “көлеңкелі тасымалдаушылар” демалыссыз жолға шығып, шаршаңқы күйде көлік жүргізеді.

Шетел азаматы жауапқа тартылды. 20 тамызда басталған облыстық “Қауіпсіз жол” жедел алдын алу іс-шарасының екі күнінде ғана полицейлер Солтүстік Қазақстан жолдарында 600-ден астам түрлі құқық бұзушылықты анықтады. Оның ішінде 7 жағдайда жүргізушілер көлікті мас күйінде басқарса, 5 жағдайда көлік жүргізу құқығынан айырылғандар рөлге отырған. Жол-көлік оқиғаларының алдын алу жұмыстары барлық елді мекендерде, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар автожолдарда “Заң мен тәртіп” тұжырымдамасы аясында жалғасып жатыр.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады