Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Оралда жолаушыларды заңсыз тасымалдаумен айналысқан шетелдік елден шығарылды

Оралда жолаушыларды заңсыз тасымалдаумен айналысқан шетелдік елден шығарылды
Фото: Polisia.kz

Оралда жолаушыларды заңсыз тасымалдаумен айналысқан шетелдік елден шығарылды, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

2025 жылғы 11-14 наурыз аралығында облыс аумағында "Заңсыз келуші" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шара қоғамдық тәртіпті сақтауға, заңсыз көші-қонның алдын алуға және жолын кесуге, сондай-ақ шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының аумағында болу қағидаларын бұзу фактілерін анықтауға бағытталған. Орал қаласы полиция басқармасының көші-қон қызметі бөлімінің инспекторлары 34 жастағы шетелдік Орал қаласында өзінің Chevrolet Lacetti автокөлігімен жолаушылар тасымалымен заңсыз айналысқанын анықтады.

Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 5-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, соттың шешімі бойынша ол республикадан  шығарылды.  Өңірдегі құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында шетелдік қонақтарды Қазақстан Республикасының заңнамасын қатаң сақтауға және ел аумағында болудың белгіленген ережелерін бұзбауға шақырамыз. Іс-шараның бір күнінде 29 шетелдік ҚР-да болу ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 8 азамат елден мәжбүрлі түрде шығарылды, іздеуде жүрген 2 қылмыскер ұсталды.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады