Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ШҚО аумағында көші-қон заңнамасын бұзған шетелдіктерге елге кіруге тыйым салынды

ШҚО аумағында көші-қон заңнамасын бұзған шетелдіктерге елге кіруге тыйым салынды
Фото: Polisia.kz

ШҚО аумағында көші-қон заңнамасын бұзған 55 шетелдікке елге кіруге тыйым салынды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

2025 жылдың басынан бері Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті көші-қон қызметінің қызметкерлері ел аумағында болу және еңбек қызметін жүзеге асыру ережелерін бұзған өзге мемлекеттердің 350-ден астам азаматын анықтады. Олардың ішінде 55 шетелдікке қатысты сот шешімімен Қазақстан Республикасына 5 жыл мерзімге кіруге тыйым салынып, елден шығару шарасы қолданылды. Полицейлер шетелдік азаматтардың тіркеу мекенжайларын, сондай-ақ қабылдаушы тараптың хабарламаларының болуын тексеру бойынша арнайы рейдтерді жалғастыруда. Мәселен, облыстың бір ауданында жүргізілген кезекті іс-шара барысында уәкілетті органның рұқсатынсыз жұмыс істеген 36 шетелдік анықталды. Барлық заң бұзушыға қатысты шара қабылданып, олар елден шығарылды.

Жұмыс беруші де шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқаны үшін жауапқа тартылды. Полиция тіркеусіз тұру, қабылдаушы тараптан хабарламаның болмауы, сондай-ақ заңсыз еңбек қызметімен айналысу — заңнаманы бұзуға жататынын еске салады. Мұндай жағдайда жауапкершілік шетелдік азаматтарға да, оларға тұрғын үй немесе жұмыс ұсынған тұлғаларға да жүктеледі.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады