Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қостанай облысында көші-қон заңнамасын бұзған шетелдіктер анықталды

Қостанай облысында көші-қон заңнамасын бұзған шетелдіктер анықталды
Фото: Polisia.kz

Қостанай облысында көші-қон заңнамасын бұзған шетелдіктер анықталды, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Көші-қон қызметінің мамандары көші-қон заңнамасын бұзушылықтарды анықтау мақсатында республикалық науқан шеңберінде рейдтік іс-шаралар өткізді. Бұл науқан барысында Қазақстан аумағында заңсыз жүрген және сот шешімін орындаудан жалтарған шетелдіктерге ерекше назар аударылды. Солардың бірі – осы жылдың сәуір айында сот шешімімен елден шығарылуға тиіс болған көрші елдің азаматы. Алайда ол бұл шешімді елемей, Қостанай облысында жасырынып, заңсыз жүрген. Құқық қорғау органдарынан жасырынған шетелдіктің бұрын да бірнеше мәрте әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны анықталды: қоғамдық орында ішімдік ішу, ұсақ бұзақылық және отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы тәртіп бұзушылықтар.

Көші-қон қызметінің мамандары оның орналасқан жерін анықтап, тиісті құжаттарды рәсімдеген соң, құқық бұзушыны мемлекеттік шекараға дейін шығарып салды. Ол Қазақстан Республикасынан депортацияланды және заңнамаға сәйкес, оған бес жыл мерзімге елге қайта кіруге тыйым салынды. Көші-қон қызметінің үш күндік жедел іс-шарасы барысында өңірде тағы екі шетелдік азамат елден шығарылды. Сонымен қатар, көші-қон заңнамасын бұзудың 30-дан астам дерегі анықталды. Оның ішінде тіркеу мерзімінің өтіп кетуі, уақытша болу ережелерін сақтамау және тиісті құжаттардың болмауы сияқты заңбұзушылықтар бар.

— Мұндай іс-шаралар елімізде тұрақты түрде өткізіліп тұрады және заң мен тәртіпті сақтау, сондай-ақ заңсыз көші-қонның алдын алу мақсатында жүргізіледі, — деп атап өтті Қостанай облыстық полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының бастығы Қайрат Дүтпаев.

Полиция Қазақстан аумағында жүрген әрбір шетелдік азамат көші-қон режимін сақтауға міндетті екенін ескертеді. Заң бұзушылық анықталған жағдайда, тиісті шаралар дереу қабылданады — бұл елден шығару және Қазақстанға қайта кіруге тыйым салуға дейін баруы мүмкін.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі