Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада өмір сүру ұзақтығы ел бойынша ең жоғары деңгейге жетті

Астанада өмір сүру ұзақтығы ел бойынша ең жоғары деңгейге жетті
Фото: pixabay.com

Елордада қазіргі уақытта өмір сүру ұзақтығы ел бойынша жоспарланған деңгейден 3,5 жылға жоғары, ал 2029 жылға белгіленген мақсатты көрсеткіштен 2 жылға асып отыр. Бұл туралы қала Денсаулық сақтау басқармасының орынбасары Айнұр Төлеуова мәлім етті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Басқарма басшысы орынбасарының мәліметінше, әсіресе Астанада туберкулезге қарсы күрестегі жетістіктер айтарлықтай жақсарған.

«Аурушаңдық 21,5%-ға, ал өлім-жітім 6,5%-ға азайды. Инсультті емдеуде госпитальдық өлім-жітім 8%-ға төмендеді, ал ауруханадан шыққаннан кейін үйде бір ай ішінде болатын өлім-жітім 32%-ға азайды. Онкологиялық көмекті ерте анықтау үлесі өсіп келеді: қазіргі таңда аурулардың 34,6%-ы бастапқы кезеңде диагностикалануда, бұл кезде емдеу ең тиімді», – деп атап өтті ол.

Сонымен қатар, миокард инфарктісін емдеудегі көрсеткіштер айтарлықтай жақсарған: барлық пациент ұсынылған 120 минут ішінде тері арқылы коронарлық араласу орталығына жеткізіледі.Жедел жәрдемнің келу уақыты да қысқартылған – шақырулардың 98,1%-ы 40 минут ішінде орындалуда.Ведомство өкілі сонымен қатар нәрестелер арасындағы өлім-жітім көрсеткіштеріндегі оң өзгерістерді де атап өтті. Мысалы, тұқым қуалайтын дамудағы ақаулардан болатын өлім-жітім екі есеге төмендеп, 14-тен 8 жағдайға дейін қысқарды. Сондай-ақ, биыл инфекциялық себептерден болатын өлім-жітім тіркелген жоқ.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті