Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанда ана өлімі тарихи ең төменгі деңгейге дейін төмендеді

Қазақстанда ана өлімі тарихи ең төменгі деңгейге дейін төмендеді
Фото: pixabay.com

Президент Жолдауын орындау және Қазақстанда денсаулық сақтау сапасын арттыру мақсатында Үкімет ана мен бала өлімінің көрсеткіштерін төмендетуге ықпал ететін шаралар кешенін жүзеге асыруда, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Мемлекетіміздің ерекше басымдықтарының бірі – халықтың денсаулығын қорғау. Біздің мақсатымыз 2029 жылға қарай халықтың орташа өмір сүру ұзақтығын 77 жасқа дейін жеткізу. Жалпы бұл мақсат қолжетімді. Жыл сайынғы динамикада халықтың денсаулығының оң көрсеткіштері байқалады. 2024 жылдың қорытындысы бойынша халықтың орташа күтілетін өмір сүру ұзақтығы алғаш рет 75 жастан асты», – деді денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова.
Одан бөлек, ана өлімі көрсеткіші 12%-ға төмендеп, тарихи минимумға жетті. Сондай-ақ неонаталдық өлім 20%-ға, сәби өлімі 11%-ға, ал бала өлімі 8%-ға азайды.
«Мемлекет басшысы мен Үкіметтің қолдауы арқасында халық денсаулығының негізгі көрсеткіштерін жақсартуға мүмкіндік туып отыр», – деп атап өтті денсаулық сақтау министрі.
2024 жылдың қорытындысы бойынша елімізде өмір сүру ұзақтығы алғаш рет 75,4 жасқа жетті. Ана өлімі көрсеткіші 12%-ға төмендеп, тарихи минимумға жетті. Сондай-ақ неонаталдық өлім 20%-ға, сәби өлімі 11%-ға, ал бала өлімі 8%-ға азайды.2024 жылы елімізде алғаш рет «Феталды медицина» инновациялық технологиясы енгізілді: 71 жатырішілік (ұрыққа) операция жасалып, нәтижесінде 96 нәрестенің өмірі сақталып қалды. Жаңа туған сәбилер хирургиясы да қарқынды дамуда – 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында туа біткен даму ақаулары бар 600 нәрестеге ота жасалды.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті