Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

СҚО-да полицейлер дрон көмегімен трассалардағы құқық бұзушылықтарды анықтап жатыр

СҚО-да полицейлер дрон көмегімен трассалардағы құқық бұзушылықтарды анықтап жатыр
Фото: Polisia.kz

СҚО-да полицейлер дрон көмегімен трассалардағы құқық бұзушылықтарды анықтап жатыр, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жол-көлік оқиғаларының алдын алу жұмыстары заманауи технологияларды пайдалана отырып күшейтілуде. “Заң және тәртіп” тұжырымдамасы аясында полицейлер жүргізушілердің тәртібін арттырып, жол-көлік апаттарын азайту үшін барлық мүмкіндіктерді қолдануда. Соның бірі — жоғары жылдамдықты трассаларды дрон арқылы әуеден патрульдеу. Көптеген жүргізушілер бейнебақылау аймағынан шыққан соң “босаңсып”, ереже бұзуға болады деп ойлайды. Алайда жолда “ережесіз аумақ” болмайды. Осындай сәттерде квадрокоптерлердің көмегі зор.

Мысалы, 12 тамызда Астана – Петропавл тасжолында дрон арқылы жол қозғалысы ережесін өрескел бұзу фактісі анықталды. Toyota автокөлігінің жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шыққан. Аталған жүргізушіге қатысты әкімшілік іс материалдары жиналды. Полицейлер еске салады: жыл басынан бері республикалық маңызы бар автожолдарда 60 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Бұл – өңірдегі барлық қаза тапқандардың 2/3 бөлігі және жараланғандардың ¼ бөлігі. Айыппұл мен жазалау шаралары – мақсат емес. Полицияның техникалық құралдары адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған. Құқық қорғаушылар барлық жол қозғалысына қатысушыларды қатаң түрде ережені сақтауға, рульде барынша мұқият болуға шақырады. Жүргізушілердің жоғары жауапкершілігі – жолдардағы қауіпсіздіктің басты кепілі.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті