Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановты қабылдады

Мемлекет басшысы Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановты қабылдады
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановты қабылдады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ақмола облысының биылғы бірінші жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық дамуы мен өңірді өркендету перспективасы жөнінде баяндалды.

Марат Ахметжанов облыста барлық негізгі көрсеткіш бойынша өсім сақталып отырғанын жеткізді. Өңір ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемін 1,2 триллион теңгеге дейін жеткізіп, елдің аграрлық секторының көшбасшысы ретіндегі орнын нығайтуды көздеп отыр. Биыл өнімділігі өте жоғары, соның ішінде майлы дақылдар алқабы 2,5 есе ұлғайды.

Президентке инвестициялық жобаларды іске асыру жөнінде мәлімет берілді. Аршалы ауданында республикалық маңызы бар Aqmola индустриялық аймағы құрылды. Жалпы құны 4 миллиард доллардан асатын инвестициялық портфель жасақталды. Осы арқылы 10 мыңға жуық жұмыс орны ашылады.

Мемлекет басшысына әлеуметтік инфрақұрылымдар құрылысының барысы таныстырылды. Соңғы екі жыл ішінде 4,7 мың тұрғын баспаналы болды. Бұл алдыңғы жеті жылдың көрсеткішіне тең. Осылайша, кезекте тұрған халықтың әлеуметтік осал тобы 29 пайызға азайды. Қосшы қаласында үлескерлердің мәселесі оң шешіліп жатыр.

Білім беру саласында екі жыл ішінде 21 мың оқушыға арналған 33 нысан бой көтерді. Жаңа оқу жылы қарсаңында өңірде апатты жағдайдағы және үш ауысымды мектептер мәселесі толық шешілді.

Жылыту маусымына дайындық жоспарға сай жүргізіліп жатыр. Көкшетауда электр қуаты 240 Мвт, ал жылу қуаты 520 Гкал/сағат болатын жылу электр орталығы салына бастады. Су тазарту нысандарының құрылысы аяқталуға жақын. Соның нәтижесінде облыс орталығында тұратын 200 мың тұрғын сапалы ауыз сумен қамтылады. Жыл соңына дейін 9 елді мекенге газ құбыры тартылады.

Кездесу соңында Президент реновация бағдарламасы арқылы халықтың әлеуметтік осал тобын баспанамен қамтудағы облыстың оң тәжірибесін атап өтті. Мемлекет басшысы егін жинау науқанын ұйымдастыру, Қосшы қаласының дамуы бойынша тиісті шараларды қабылдау, су тасқынына қарсы жүйелі жұмыс жүргізу, сондай-ақ инвестиция тарту жөнінде нақты тапсырма берді

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті