Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақтауда климаттық өзгерістердің Каспий экожүйесіне ықпалы талқыланды

Ақтауда климаттық өзгерістердің Каспий экожүйесіне ықпалы талқыланды
Фото: Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақтауда климаттық өзгерістердің Каспий экожүйесіне ықпалы талқыланды,деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақтауда халықаралық Каспий күніне орай «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Каспий теңізі жаһандық климаттың өзгеруі жағдайында» тақырыбында дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.
Іс-шараны Маңғыстау облысының әкімдігі, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Тегеран конвенциясының хатшылығы бірлесіп ұйымдастырды. Іс-шараға Тегеран конвенциясы хатшылығының өкілдері, сондай-ақ мемлекеттік органдар, ғылыми-зерттеу институттары, жас экологтар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Қатысушылар климат өзгерісінің Каспий экожүйесіне әсерін талқылап, жағымсыз салдарды азайтуға бағытталған ұсыныстар әзірледі. Маңғыстау облысы бойынша балық инспекциясы басқармасы маманы Гүлнұр Әбдіғалиева итбалықтардың мекендеу ортасын сақтау жөніндегі іс-шаралардың мақсаттары мен міндеттері туралы айтты.

-Жалпы бұндай іс-шараларды үш кезеңге бөліп құрастыруға болады. Бірінші кезеңде міндетті түрде талдау жұмыстары жасалуы қажет. Мұрағат материалдары мен есептерді, бұрын жүргізілген зерттеулерді пайдалана отырып, талдамалық шолу ұйымдастырылады. Екінші кезеңде - әдістемелік жұмыстар. Оларға итбалықтардың құлықтық бұзылыстарына сыртқы факторлардың әсерін, балықтарға акустикалық әсерін зерттеуіміз қажет. Әрі қарай шу, тербеліс яғни вибрация әсерлерін қарастырамыз. Үшінші кезеңде сол іс-шараларды туралы ұсыныстарды әзірлеу жұмыстары жасалады. Мысалы, жыл мезгіліне байланысты кемелердiң қозғалысы бойынша ұсыныстарды әзiрлеу, уылдырық шашатын жерлердi қорғау және балықтардың өсiмiн молайту жөнiндегi ұсынымдарды әзiрлеу қажет, - деді Гүлнұр Әбдіғалиева.

Сонымен қатар, басқосуда «AMANAT» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының жанындағы экологиялық кеңес төрағасы Орынбасар Тоқжанов Каспий теңізінің мәселелеріне тоқталды.

-Каспий теңізі деңгейінің төмендеуі - тек экологиялық мәселе емес, ол аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына да әсер етеді. Біз табиғатты сақтау мен теңіздің болашағын қамтамасыз ету үшін барлық мүдделі тараптардың күшін біріктіруіміз керек, - деді Орынбасар Тоқжанов.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті