Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы облысында 31 мыңға жуық ауыл шаруашылығы өндірушілері Ұлттық санақтан өтеді

Алматы облысында 31 мыңға жуық ауыл шаруашылығы өндірушілері Ұлттық санақтан өтеді
Фото: Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы – он жылда бір рет өткізілетін маңызды мемлекеттік науқан. Санақ барысында ауыл шаруашылығы саласындағы нақты жағдайға қатысты маңызды деректер жиналады: өндіріс көлемі, техникамен қамтамасыз етілуі, мал басы, жер пайдалануы және тағы басқа көрсеткіштер, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

– Ауыл шаруашылығы санағы – елдің аграрлық саясатын дұрыс жоспарлау үшін қажет. Әрбір фермердің жауабы субсидиялар, техника және инфрақұрылым бөлу сияқты нақты шешімдерге ықпал етеді, – дейді Алматы облысы бойынша Ұлттық статистика бюросы департаментінің басшысы Бағлан Қарғұлов.

Санақ 31 тамызға дейін sanaq.gov.kz сайтында онлайн режимде өтеді. Қатысу үшін ЭЦҚ, SMS немесе eGovMobile қосымшасы арқылы тіркелуге болады. Онлайн формат – уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді, мәліметтерді жылдамырақ жинауға және өңдеуге жол ашады.

Алматы облысында 1700-ден астам ауыл шаруашылығы кәсіпорны мен 29 мыңға жуық шаруа қожалығы және жеке кәсіпкер қамтылады.

Спикердің айтуынша, онлайн форматта өтпеген респонденттерді 20 қыркүйектен бастап интервьюерлер аралайтын болады. Интернетке қолжетімділігі жоқ азаматтар үшін облыс аумағында 151 өзіне-өзі қызмет көрсету пункті жұмыс істеп тұр.

Сауалнамада берілген барлық ақпарат құпия сақталады және тек статистикалық мақсатта пайдаланылады. Техникалық немесе мазмұндық сұрақтар туындаған жағдайда 1446 нөміріне хабарласуға болады.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті