Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

2024 жылғы тамызда Қазақстанда пилоттық режимде ауыл шаруашылығы санағы басталады

2024 жылғы тамызда Қазақстанда пилоттық режимде ауыл шаруашылығы санағы басталады
Фото: primeminister.kz

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында 2025 жылы Қазақстанда қалалар мен ауылдардағы ауыл шаруашылығы кәсіпорындары, шаруа, фермер қожалықтары, жеке қосалқы шаруашылықтар, сондай-ақ бау-бақша және саяжай кооперативтерінің толық санағы өткізіледі. Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен Үкіметте өткен кеңесте ауқымды іс-шараға дайындық барысы талқыланды, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Аграрлық сектордың жай-күйі туралы статистикалық ақпараттың сапалы және объективті болуы үшін БҰҰ ФАО ұсынымдарына сәйкес елдер ауыл шаруашылығы санақтарын әр 5-10 жыл сайын өткізіп отырады. Қазақстанда алғашқы ұлттық санақ 2006-2007 жылдары өтті.

«Халық санағын жүргізу кезіндегідей заңды тұлғалар мен жеке қосалқы шаруашылықтар иелеріне арнайы web-порталда санақ сауалнамаларын толтыру ұсынылады. Сауалнамадан өтпеген қалған респонденттер бойынша деректерді жинауды интервьюерлер планшеттерді пайдалана отырып жүзеге асыратын болады», — деді ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасары Мақсат Тұрлыбаев.

Қалаларда нысаналы көрсеткішті анықтау үшін саяжай учаскелері мен жеке қосалқы шаруашылықтарды алдын ала аралау жоспарланған. Есепке алу күні (біржолғы санақ күні) – 1 тамыз, егіс алқаптары 2025 жылғы егінге бөлінген алқаптарды ескере отырып айқындалатын болады.

Санақ жүргізу кезінде «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» АЖ, жер бойынша Бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүліктің кадастры (ЖМБМК), ауыл шаруашылығы техникасы бойынша «Ауыл шаруашылығы техникасының мемлекеттік тізілімі» АЖ (АТМТ), субсидиялау бойынша «Субсидиялаудың бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйесі» АЖ (СБМАЖ) әкімшілік деректерін пайдалану жоспарланып отыр.
Санақ сауалнамаларын, әдіснаманы, ақпараттық жүйелерді сынақтан өткізу, даладағы жұмыстарды жүргізу, бюджетті, интернетпен қамту сапасын бағалау және ақпараттық жүйелердің Интернетсіз жұмыс істеуі үшін 2024 жылғы тамызда барлық өңірде пилоттық зерттеу жүргізіледі. Оның қорытындысы бойынша әкімшілік деректердің сапасын, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің дайындығын және санақтың негізгі кезеңінде әкімшілік деректерді пайдалану мүмкіндігін бағалауды қоса алғанда, анықталған проблемалар туралы есеп жасалады.

«Бізге ауыл шаруашылығының жай-күйі туралы толық және объективті ақпарат алу керек. Сенімді деректерсіз саланың дамуын сапалы жоспарлау өте қиын. Қазірдің өзінде барлық қажетті үдерісті бастап, 2025 жылы сапалы санақ жүргізу үшін жұмыстағы қателіктер мен кемшіліктерді анықтау керек», — деді Серік Жұманғарин.

Кеңес қорытындысы бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың жұмысын үйлестіру және ұлттық ауыл шаруашылығы санағын дайындау мен өткізуге байланысты туындайтын барлық мәселені шешу үшін Премьер-Министр орынбасарының басшылығымен республикалық арнайы комиссия құру тапсырылды. Өңірлерде де осыған ұқсас комиссиялар құрылатын болады. Комиссияның жұмыс органы болып Ұлттық статистика бюросы анықталды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді