Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Үкіметте 2025 жылы ұлттық ауыл шаруашылығы санағына дайындық барысы тыңдалды

Үкіметте 2025 жылы ұлттық ауыл шаруашылығы санағына дайындық барысы тыңдалды
Фото: primeminister.kz

1 тамыздан бастап Қазақстанда ұлттық ауыл шаруашылығы санағы басталады. Бұл ауыл шаруашылығының жай-күйін объективті әрі тұтас бағалауға және осы салада мемлекеттік саясатты қалыптастыру үшін сенімді деректер көзін алуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өткен жылы пилоттық ауылшаруашылығы санағы толыққанды санақ басталғанға дейін, ықтимал кедергілер мен проблемалық аймақтарды алдын-ала анықтау үшін жекелеген елді мекендерде тәжірибе ретінде сыналды. Үкіметте вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеңесте Ұлттық статистика бюросының төрағасы Мақсат Тұрлыбаев пилоттық санақтың нәтижесі мен толыққанды санақ басталғанға дейін шешілуі тиіс міндеттер туралы хабарлады.

Былтыр пилоттық санақ 20 тамыздан 30 қыркүйекке дейін жүргізіліп, 54 елді мекенді қамтыды. Сауалнамаға 32,4 мың үй шаруашылығы қатысты, олардың 27,1 мыңы сауалнамаға алынды, бұл жалпы санның 83,5%-ын құрады. Онлайн сауалнамаға 18,6 мың респондент, оның ішінде 13,3 мың ұйымдасқан шаруашылық және 5,3 мың үй шаруашылығы қатысты. Пилоттық жоба барлығы 45,7 мың респондентті қамтыды.

«Үй шаруашылықтарының шамамен 2%-ы сауалнамаға қатысудан бас тартты. Сауалнамаға қатыспаған нысандардың 36%-ы қараусыз қалған үйлер немесе игерілмеген саяжайлар, ал 5%-ы адам тұруға арналмаған ғимараттар болып шықты», — деді Мақсат Тұрлыбаев.

Пилоттық санақ шеңберінде Ауыл шаруашылығы министрлігінің ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі ақпараттық жүйелерінен және ауыл шаруашылығы техникасы тіркелімінен әкімшілік деректер интеграцияланды, ауыл шаруашылығы құрылымдарына СМС-тарату жүргізілді.

«Пилоттық ауыл шаруашылығы санағының оң нәтижесі ретінде әкімдіктердің санақты ұйымдастыруға және өткізуге белсенді қатысуын, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің санаққа қатысуға жоғары дайындығын және халықтың онлайн-сауалнамаға қатысуының айтарлықтай деңгейін атап өткен жөн. Сонымен қатар қалалық және саяжай аймақтарында сауалнама жүргізудің қиындықтары, интервьюерлерді қажетті материалдармен және құралдармен жабдықтаудың жеткіліксіздігі және жалған ақпарат тарату мәселелері анықталды. Бұл қиындықтар алдын ала болжанды және қазір біз оларды шешу мақсатында жұмыс істеп жатырмыз, — деп атап өтті Мақсат Тұрлыбаев.

Жиында қатысушылар респонденттердің бастапқы деректерін жинау және өңдеу, сауалнамалар жасау, интервьюерлерді жалдау, МО БКО арқылы ауылдық және кенттік округтер әкімдіктерінің ҰСБ ақпараттық жүйесіне және басқаға қол жеткізуін қамтамасыз ету мәселелерін талқылады. Кеңес қорытындысы бойынша Серік Жұманғарин 2025 жылғы ауыл шаруашылығы санағына толыққанды дайындалу үшін қажетті тапсырмалар берді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты