СҚО-да полиция жарты жыл ішінде Ресей Федерациясына 25 қылмыскерді ұстауға көмектесті, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Солтүстік Қазақстан облысы Ресей Федерациясының үш өңірімен шектеседі. Осыған байланысты облыстық полиция департаментінің Курган, Түмен және Омбы облыстарының ішкі істер басқармаларымен 2023-2025 жылдарға арналған ынтымақтастық жоспары аясындағы жұмыс өзектілігін көрсетуде. Құқық қорғау органдары қылмысқа қарсы іс-қимыл, әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу бағытында ақпарат алмасып отырады.
Жарты жыл ішінде СҚО аумағында криминалдық полиция қызметкерлері РФ өңірлері үшін 25 қылмыстық құқық бұзушыны анықтап, ұстады. Оның 8-і Омбы облысының, алтауы Курган облысының, біреуі Түмен облысының сұрауы бойынша іздестірілген. Көбінесе бұл — мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткендер. Сонымен қатар ауыр салдарға соқтырған жол-көлік оқиғасының қатысушысы және есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар күдікті де бар. Шекара маңындағы өзара іс-қимыл – "Заң және тәртіп" қағидатын жан-жақты іске асырудың маңызды бағытының бірі.