Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

СҚО-да өзгенің көлігін заңсыз айдап кеткен жүргізуші ұсталды

СҚО-да өзгенің көлігін заңсыз айдап кеткен жүргізуші ұсталды
Фото: Polisia.kz

СҚО-да өзгенің көлігін заңсыз айдап кеткен жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Есіл ауданы Покровка ауылының тұрғыны Priora автокөлігінің жоғалғанын байқап, полицияға жүгінді. Көп ұзамай оның телефонына жол ережесін бұзғаны туралы хабарлама келіп түсті: шамамен сағат 05:00-де оның атына тіркелген көлік Покровка көпірінде жылдамдықты асырған, бұл "Мегакам.Қорғау" аппараттық-бағдарламалық кешенінің камерасымен тіркелген. Бейнекамерадағы жазба арқылы тәртіп сақшылары ұрланған көліктің бағытын анықтап, оның жолын кесу үшін бағыт бойындағы барлық аудандық полиция бөлімшесіне жедел бағдар жолдады. Жамбыл ауданында да тосқауыл бекеттері қойылды.

Нәтижесінде жүргізуші Приишимка – Архангелка тасжолында тоқтатылды. Рөлде масаң күйідегі Покровка ауылының 32 жастағы тұрғыны болған. Ол Есіл ауданы полиция бөлімінің жедел тергеу тобына тапсырылды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жамбыл ауданы полицейлерінің кәсіби іс-әрекеттері нәтижесінде қайғылы жағдайдың алдын алу мүмкін болды: мас жүргізуші тек өзі ғана зардап шекпей, қала сыртындағы тасжолда өзге де жол қозғалысына қатысушыларға қауіп төндіруі мүмкін еді.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті