Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкентте камерундық футболшы сегіз жылға сотталды

Шымкентте камерундық футболшы сегіз жылға сотталды
Фото: pixabay.com

Шымкентте есірткі қылмысы бойынша Камеруннан келген футболшы сотталды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Otyrar.kz басылымы қылмыстық істер бойынша ауданаралық сотта шетелдіктің ісі қаралып, ол "Өткізу мақсатында есірткі, психотроптық заттарды немесе олардың аналогтарын заңсыз сатып алу, сақтау, тасымалдау" бабы бойынша кінәлі деп танылғанын жазады.

"Сот Мбала Бомба Роджерды ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігінің 1-тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, сегіз жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Орташа қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеу шарасы тағайындалсын", делінген үкімде.

Камерун Республикасының азаматы, 33 жастағы футболшы Мбала Бомба Роджер 2025 жылы наурызда Шымкентте ұсталды. Одан 1,5 келі "синтетика" табылды. Тергеу мәліметтері бойынша, ол синтетикалық есірткіні Telegram арнасы арқылы таратқан деген күдікке ілінген. Шыққан сот үкіміне қарамастан ер адам кінәсі жоқтығын айтып, соттан өзін ақтауды сұрады.

"Мен футболшымын, өмір бойы тек футболмен шұғылдандым. Футбол ойнағанда да бізді әр матч сайын әрдайым тексеріп отырады. Есірткі тұтынатын болсам, соның бірі болмаса, бірінде шығар еді. Мен жаман адам емеспін, бұл жайт қалай болғанын білмеймін".Айыпталушы Мбала Бомба Роджер

Ер адам қылмысқа қатысы жоқ екенін айтады, бірақ визасында Қазақстанда болу мерзімі өтіп кеткенін мойындайды. 

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады