Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Тегін үйірмелер мен секциялар: Астанада жаңа цифрлық ваучерлік жүйе енгізілді

Тегін үйірмелер мен секциялар: Астанада жаңа цифрлық ваучерлік жүйе енгізілді
Фото: Астана қ.әкімдігі

Астанада қосымша білім беру саласында маңызды бастама қолға алынды. Елордада балаларға арналған ваучерлік қаржыландыру жүйесін әділ әрі ашық жүргізуге бағытталған QOSYMSHA.KZ жаңа цифрлық платформасын енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл мемлекет есебінен үйірмелерге, спорт секцияларына және шығармашылық студияларға тегін қатысуға мүмкіндік беретін бұрынғы жүйені толық жаңғырту. Жобаның жұмысы туралы Астана қаласы білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыевтың қатысуымен Астананың Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте белгілі болды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

2021 жылдан бері Қазақстанда қосымша білім беруге арналған ваучерлік қаржыландыру жүйесі жүзеге асырылып келеді. Президенттің тапсырмасына сәйкес, бұл бастама балаларға сабақтан тыс уақытта білім алуға тең мүмкіндік беру мақсатында енгізілген. Қағида қарапайым: мемлекет әр балаға бір үйірмеге қатысуына қаржы бөледі, ал ата-ана баласының қызығушылығы мен кестесіне сай бағытты өзі таңдайды.2025 жылы Астанада 25 000-нан астам бала осы бағдарлама арқылы тегін қосымша біліммен қамтылған.

Ел бойынша – 500 000-нан астам бала қамтылған. Алайда бұрынғы жүйені іске асыру кезінде ата-аналар тарапынан орынды алаңдаушылық тудырған бірқатар кемшіліктер анықталды.Үш түрлі кезек: білім, спорт және мәдениет басқармаларының жеке кезектері болды – бұл жүйесіздік пен теңсіздікке әкелді.«Тіркелгені өтеді» қағидасы: әлеуметтік осал топтағы балалардың өтінімдері кейінге ысырылып, ваучерлер бірінші тіркелгендерге берілді. Жүйелер біріктірілмеген: кей балалар екі ваучер алып, басқалары мүлде тыс қалды.Астана әкімдігі аталған олқылықтарды жою үшін E-ORDA инфрақұрылымына негізделген QOSYMSHA.KZ мемлекеттік цифрлық жүйесін енгізді. Жүйе қорғалған деректер орталығында орналасқан және үшінші тұлғалардан толық оқшауланған.Енді өтінім беру, ваучер бөлу және қатысуды бақылау бір терезе қағидатымен жүзеге асады – ашық және әділ түрде.

Ең басты жаңалық – әлеуметтік жіктеу енгізілді. Өтінімдер енді берілген уақытына емес, баланың әлеуметтік мәртебесіне қарай сұрыпталады. 12 санат бекітілген, әрқайсына бөлек коэффициент белгіленген: • Ерекше білімді қажет ететін балалар – коэффициент 5; • АӘК алатын отбасылардағы, мүгедектігі бар ата-анасы бар, жетім балалар – коэффициент 3-4; • Көпбалалы отбасындағы балалар – коэффициент 2; • 4-18 жас аралығындағы басқа балалар – коэффициент 1.Осылайша, көпбалалы немесе әлеуметтік жағдайы төмен отбасындағы бала өтінімді кейінірек берген күннің өзінде, ол жалпы тізімде өзгелермен салыстырғанда жоғары орынға көтеріледі. Бұл «кім бірінші батырманы басса – соған беріледі» деген жарысты болдырмай, шынайы тең қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

Енді ваучер нақты бір үйірмеге емес, тікелей балаға беріледі. Бұл ата-аналар ваучер алған соң өздері баласына жасына, қызығушылығына және кестесіне сай үйірмені еркін таңдай алады дегенді білдіреді. Мұндай тәсіл жүйені анағұрлым икемді етіп, отбасылардың мүддесіне бейімдейді.Тегін қосымша білім беру құқығын пайдалану үшін QOSYMSHA.KZ сайтына тіркеліп, ата-ана мен баланың ЖСН-ін көрсету, деректердің дұрыстығын растау қажет.Мемлекеттік қаржыландыруды жалғастыру үшін ай сайын Жеке кабинетке кіріп, баланың үйірмеге қатысуын растау маңызды.Егер бала қазірдің өзінде қандай да бір үйірмеге барып жүрсе, сол ұйымға барып, оның деректерін жүйеге енгізуді сұрау қажет.Өтінімді тек Астана қаласында тіркелген (тұрақты немесе уақытша) отбасылар ғана бере алады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті