Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда жол ережесін бұзған мопед жүргізушілері анықталды

Алматыда жол ережесін бұзған мопед жүргізушілері анықталды
Фото: Polisia.kz

Алматыда жол ережесін бұзған мопед жүргізушілері анықталды, — хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Мопедтерді пайдалануға қойылатын жаңа талаптар күшіне енгеннен бері (осы жылдың 5 сәуірінен бастап) Алматыда мопед жүргізушілері жасаған 2 мың 600-ден астам жол қозғалысы ережесін бұзу дерегі тіркелген. 800-ден астам мотокөлік мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды. Құқық бұзушылықтарды анықтау шаралары Ішкі істер министрі жариялаған алдын алу жылында жүзеге асырылған “Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жүргізілуде. Жергілікті полиция қызметінің күшейтілген патрульдік полиция жасақтары қала көшелерінде тіркеусіз, сақтандырусыз және жүргізуші куәлігінсіз мопед жүргізу деректерін күн сайын тіркеуде.

— Мопедтерді пайдалануға қойылатын жаңа талаптар күшіне енген сәттен бастап біз оң динамикаға куә болдық: құжаттарын рәсімдеп, тіркеп жатқан азаматтар көбейіп келеді. Дегенмен, Заңды елемейтіндер әлі де бар. Азаматтарды мотокөліктерін дер кезінде заңдастыруға шақырамыз. Бұл тек заң талабы ғана емес, сонымен қатар жеке қауіпсіздік мәселесі. Тіркеу жалғасуда және әркім өз мопедін қолданыстағы ережелерге сәйкес келтіруге мүмкіндігі бар, - деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шумаев.

Мемлекет Басшысы бекіткен “Заң және тәртіп” қағидаты аясында Алматы полициясы жол қозғалысына қатысушылар арасында тәртіпті жақсартуға және автокөліктердің қатысуымен болатын жазатайым оқиғаларды азайтуға бағытталған мақсатты профилактикалық іс-шараларды жалғастырады.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады