Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыдағы Байқадамов көшесінде көлік қозғалысы шектеледі

Алматыдағы Байқадамов көшесінде көлік қозғалысы шектеледі
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыдағы Байқадамов көшесінде көлік қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

12 маусым мен 15 қыркүйек аралығында Байқадамов көшесінде Розыбакиев көшесінен Гагарин даңғылына дейін, сондай-ақ Радостовец көшесінде Байқадамов көшесінен Журавлев көшесіне дейін көлік қозғалысы шектеледі. Қозғалыс екі жаққа да жабылады. Бұл 40 жылдан бері пайдаланылып келе жатқан 1,2 шақырымнан астам құбырды ауыстырумен байланысты. Құбырды жаңарту жылумен жабдықтауда қауіпсіздік пен сенімділіктің кепілі.  Уақытша қолайсыздыққа қарамастан, тұтынушыларға ыстық су беру тоқтатылмайды.  Қазіргі таңда Алматыдағы жылу желілерінің жартысынан көбі тозған. Биыл 20 шақырым болатын 23 нысанның құбыры жөнделеді. Бұл өткен жылдармен салыстырғанда екі есе көп. Ескі құбырлар енді 30 немесе одан да ұзақ жыл жұмыс істеуге арналған алдын ала оқшауланған құбырларға ауыстырылады. Құбырды ауыстыру жылу беру желісіндегі апаттың алдын алуға, жылу шығынын азайтуға мүмкіндік береді.Уақытша қолайсыздыққа түсіністік танытып, көрсетілген аумақты айналып өтудің жолын алдын ала қарастыруды сұраймыз.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті