Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Айырбастау пунктінен ақша жымқырған әйел бас бостандығынан айырылды

Айырбастау пунктінен ақша жымқырған әйел бас бостандығынан айырылды
Фото: Polisia.kz

Айырбастау пунктінен ақша жымқырған әйел бас бостандығынан айырылды, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

47 жастағы Астана қаласының тұрғыны айырбастау пунктінде кассир болып жұмыс істей жүріп, клиенттердің ақшасын жүйелі түрде иемденіп отырған. Ол клиенттердің ақшасын қабылдаған соң, оларды кассалық аппарат арқылы санамастан тікелей сейфке салып, ешқандай құжатқа немесе есеп жүйесіне тіркемей, жұмыс күні аяқталған соң ақшаны сырт киімі тұрған бөлмеге алып шығып отырған. Осылайша, бар болғаны бір айдың ішінде ол айырбастау пунктіне 37 миллион теңгеден астам залал келтірген. Сот оны кінәлі деп танып, 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Жазасын өтеу үшін сотталған әйел Абай облысындағы әйелдер колониясына жеткізілді. Қазіргі уақытта онымен тәрбиелік және құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Сотталған әйел қызметкерлермен әңгіме барысында өзінің кәмелетке толмаған үш баласы бар екенін, олардың қазір күйеуінің қолында тұрып жатқанын айтты. 

— Мұндай жерге бір күні тап боламын деп ешқашан ойламаппын. Қазір еркіндіктің ешқандай ақшамен өлшенбейтінін түсініп отырмын. Мен жазамды өтеп жүргенде, кішкентай балаларым есейіп кетеді. Оларымды қатты сағынып жүрмін. Үйге тезірек оралу үшін карантин аяқталған соң тігін цехына жұмысқа орналастым. Айлығымнан сот тағайындаған өтемақыны төлеп, мүмкіндігінше отбасымның қажеттіліктеріне де көмектесіп жатырмын. Барлық ата-аналарға айтарым – қолда барыңызды бағалаңыздар, әрдайым жақындарыңыздың жанында болыңыздар, – деп бөлісті сотталған әйел.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті