Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Павлодарда психотроптық заттарды таратқан студент бас бостандығынан айырылды

Павлодарда психотроптық заттарды таратқан студент бас бостандығынан айырылды
Фото: Polisia.kz

18 жастағы студент психотроптық заттарды таратқаны үшін 6 жылға сотталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде көлік полицейлері психотроптық заттарды заңсыз таратты деген күдікпен Павлодар облысының 18 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Тексеру барысында қалалық колледждердің бірінің студенті жеңіл табыс табу мақсатында есірткі заттарын таратумен айналысуға келісім бергені анықталды. Оның рөлі тыйым салынған затты алып, Павлодар қаласының аумағында арнайы орындарға жасырып кету болған. Мессенджер арқылы нұсқау берген куратордың тапсырмасына сәйкес ол келісілген жерден жалпы салмағы 8,7 грамм болатын альфа-PVP психотроптық затының 21 дозасы салынған түйіншекті алып, теміржол вокзалына бет алған. Алайда аталған жерде оны желілік полицияы бөлімінің қызметкерлері ұстап алады. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді.

Нәтижесінде Павлодар қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты күдіктіні 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Бұл оқиға жеңіл табысқа жетудің иллюзиясына алданып, жастардың болашағын қалай құртып алатынының айқын дәлелі. Бір ғана ойланбай жасалған қадам және алда темір тордың ар жағында өтетін жылдар күтіп тұр. Көлік полицейлері жастарды заңсыз есірткі айналымына қатысты ұсыныстарға ермеуге шақырады. Мұндай схемаға қатысқандарға қатаң қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Айта кетейік, биылғы жылдың алты айында көлік полицейлері 200-ден астам есірткі заң бұзушылықтарын анықтады, оның ішінде 31 өткізу фактісі, 12 аса ірі мөлшерде сақтау және 5 контрабанда фактісі тіркелді. Заңсыз айналымнан шамамен 240 келі есірткі тәркіленді, оның ішінде 110 келіден астамы синтетикалық зат бар.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті