Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Мемлекеттік ақшаны пәтер, көлік және казиноға жұмсаған: экс-депутат алаяқ деген күдікпен ұсталды

Мемлекеттік ақшаны пәтер, көлік және казиноға жұмсаған: экс-депутат алаяқ деген күдікпен ұсталды
Фото: pixabay.com

ҚМА Алматы облысы бойынша департаменті Алматы облысы Қарасай аудандық Маслихатының экс-депутатына қатысты аса ірі көлемде алаяқтық және қылмыстық кірістерді заңдастыру дерегі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Мемлекеттен субсидия алу мақсатында күдікті Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасына "Награда" түріндегі таңқурай көшеттерін сатып алу туралы жалған құжаттарды ұсынған. Сомасы 947 миллион теңге болды.

"Нәтижесінде ол 474 миллион теңге деп көрсетілген соманың 50 пайыз көлемінде заңсыз субсидия алған.

Бұл кірістерді жылыстату үшін күдікті 21 жеке кәсіпкермен көшеттерді орау, тиеу, түсіру жұмыстарын орындау үшін жалған келісімшарттарды қамтитын көп деңгейлі схеманы әзірлеген, бірақ іс жүзінде бұл жұмыстар орындалмаған. Аталған жалған келісімдер мен төлем құжаттары негізінде 431 миллион теңге сомаға қолма-қол қаражат алынды", - делінген хабарламада.

"Қылмыстық табысқа ол Алматы қаласынан екі бөлмелі пәтер және "Toyota Highlander" автокөлігін сатып алған. Аталған мүлікке, сондай-ақ 50 миллион теңге ақша және 91 миллион теңге құны бар бағалы қағаздарға тыйым салынды".

Сонымен қатар, ұрланған қаражаттарды заңды айналымға тарту мақсатында ол жұбайының атынан бағалы қағаздармен операциялар жүргізіп, қосымша 89 миллион теңге қылмыстық табыс тапқан.

Сонымен қатар, мемлекеттен ұрланған 170 миллион теңгені күдікті Қонаев қаласындағы казиноға құртқаны белгілі болды. Соттың санкциясымен күдікті 2 айға қамауға алынды.

Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жарияланбайды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты