Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет іздеуде жүрген тұлғадан құны 2,3 млрд теңгеден астам мүлкін тәркіледі

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет іздеуде жүрген тұлғадан құны 2,3 млрд теңгеден астам мүлкін тәркіледі
Фото: pixabay.com

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында активтерді қайтару және келтірілген залалды өтеу бойынша жұмысты жалғастыруда, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Антиқорға сілтеме жасап.

Оны іске асырудың бір тәсілі заңсыз жолмен алынған мүлікті сотқа дейін тәркілеу болып табылады. Ол халықаралық іздестіруге жарияланған не оларға қатысты рақымшылық жасау актісінің салдарынан, ескіру мерзімінің өтуіне немесе қайтыс болуына байланысты қылмыстық қудалау тоқтатылған адамдарға қолданылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қабылдаған шаралардың нәтижесінде 2022 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген және ақшаны заңдастыруға қатысы бар деп күдікке ілінген тұлғаның ақшалай қаражаты мен мүліктік активтерінің қылмыстық жолмен алынғаны дәлелденді. Ол жылжымалы және жылжымайтын мүліктің қымбат нысандарын, оның ішінде жұбайына ресімделген нысандарды сатып алу үшін шамамен 1,5 млрд теңге заңға қайшы ақшаны пайдаланған. Олардың қатарына Алматы қаласы мен Алматы облысындағы люкс автомобиль, пәтер, жер учаскелері, тұрғын үйлер мен құрылыстар жатады.

Қаржылық тергеу қосымша 1,7 млн АҚШ долларын (872 млн теңгеден астам) және Қазақстанның екінші деңгейдегі банктеріндегі айыпталушы мен оның жұбайының шоттарында 47 млн теңге анықтады. Олар қылмыс жасау кезеңінде алынған және олардың ресми табыстарына сәйкес келмейді.Ағымдағы жылғы 16 маусымдағы сот қаулысымен ақшалай қаражат пен мүліктік объектілер мемлекет кірісіне тәркіленді.

Жалпы, жыл басынан бері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге де мүлікті заңдастыру (жылыстату) фактілері бойынша отызға жуық қылмыстық істі тергеуді бастады. Істің бір бөлігі сотқа жіберіліп, айыптау үкімі шығарылды.Заңға қайшы табыстар туыстарының, аффилиирленген компаниялардың атынан заңды операциялар ретінде бүркемеленетін, қымбат мүлікті, криптовалюталарды, бағалы қағаздарды, оның ішінде инвестициялық құралдарды қолдана отырып сатып алуда пайдаланылатын жағдайларға ерекше назар аударылады.

Мысалы, спортты дамытуға бөлінген бюджет қаражатынан 745 млн теңгеден астам соманы жымқыру фактісі бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатқан бұрынғы лауазымды адамның қаржылық ағындарына жүргізілген талдау нәтижесінде, оның қылмыстық жолмен алынған қаражатқа екі қымбат автокөлік сатып алғаны және 240 млн теңгеденастам соманы жоғары табыс алу мақсатында өзі бақылауындағы компанияның шотына аударғаны анықталды.Тағы бір жағдай, күдіктілер жеке кәсіпкер болып табылатын туыстары арқылы инфрақұрылымдық, қала құрылысы жобаларын іске асыруға бюджеттен бөлінген 237 млн теңгеден астам қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырып, олардан пәтерлер, автокөліктер және басқа да мүліктер сатып алған.Соттың санкциясымен мүліктік объектілерге тыйым салынды.Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде өзге деақпарат жария етілуге жатпайды.Активтерді қайтару бойынша жұмыс жалғасуда.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті