Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада «Менің мамандығым – менің мақтанышым» атты ән байқауы өтті

Астанада «Менің мамандығым – менің мақтанышым» атты ән байқауы өтті
Фото: «Жастар» сарайы

Астана қаласында кәсіби мамандық иелерінің мәртебесін арттыру мақсатында ерекше шығармашылық шара ұйымдастырылады. Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялауына орай, Астана қаласы әкімдігінің Мәдениет басқармасы «Менің мамандығым – менің мақтанышым» атты қалалық ән байқауын жариялады, деп хабарлайды kazlenta.kz. 

Бұл байқаудың басты мақсаты – түрлі мамандық иелерінің еңбегін дәріптеу, олардың қоғамдағы рөлін шығармашылық арқылы көрсету. Музыкалық шығарма - композитор мен орындаушының бірлескен еңбегі нәтижесінде дайындалды.

Шығармашылық байқауда түрлі мамандыққа арналған 100 – ден аса туынды орындалды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар жыл сайын өткізіліп отырса, қоғамымыз үшін аса маңызды тақырыптарды арқау еткен әндердің қатары көбейер еді.

Байқаудың негізгі идеясы- жалпыға белгілі болғандай, Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп атағаннан кейін әр сала өз бағыттары бойынша қолдап отыр. Мен ойлаймын, біз өнер адамдары жолдауды қолдау керекпіз, дәл уақытында айтылып тұрған жолдау. Өнер ұжымдары музыкалық форматта қолдап отырмыз. Мен әртүрлі жобаларды жасап жүрмін, айырықша байқалатыны әндердің көбісі тойларға жазылған, ал мамандықтарға арналған әндер жоқ деп айтса болады. Қатысушылар әндерді жоғары деңгейде алып шықты, алдағы уақытта да мұндай байқаулар өз жалғасын тапса деймін, - деді ҚР еңбек сіңірген қайраткері Қайрат Жүнісов.

Жеңімпаздарға қомақты жүлде қоры қарастырылған:

• Гран При – 1 000 000 теңге (композитор мен орындаушыға теңдей бөлінеді);

• I орын – 700 000 теңге;

• II орын – 500 000 теңге;

• III орын – 3 қатысушыға, әрқайсысына 300 000 теңгеден берілді.

«Менің мамандығым – менің мақтанышым» атты қалалық ән байқауында бас жүлдені Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы «Astana Tourism» ЖШС туризмді дамыту орталығының іс-шараларды қолдау жөніндегі менеджері Рүстем Амангелді жеңіп алды, ол алдағы жоспарларымен бөлісті.

Бұл байқауға қатысу және жеңу мен үшін өте маңызды болды. Бәсекелестерімнің әндерін тыңдаған кезде, мұндай жоғары орын аламын деп ойламаған едім. Әннің авторы – Толқын Нұртасқызы, оған үлкен алғысымды білдіремін. Өте әуезді, жанға жақын ән шықты. Менің ойымша, біз композитормен жақсы байланыс орната алдық – ән менің дауысыммен үйлесім тапты. Әнді жазу барысында мен ауырып қалдым, сондықтан кейбір жоғары ноталарды орындау қиынға соқты. Әрине, мен кәсіби әнші емеспін, сол себепті кейбір сәттер мен үшін ауыр болды. Дегенмен, барымды салып тырыстым. Қарындасым маған сахналық би қойылымымен көмектесті – ол хореография пәнінің мұғалімі.Залда мені қолдап отырған өзімнің ұжымым мен отбасым болды. Олардың жанкүйерлігі маған күш беріп, өзімді сенімді сезінуге көмектесті. Алдағы уақытта да осындай байқауларға қатысып, шығармашылық жолда әрі қарай дамуды жоспарлап отырмын- деді ол.

Өнер додасы еңбек адамының бейнесін өнер тілімен ашып, жас композиторлар мен орындаушыларға өз шығармашылығын көрсетуге тамаша алаң ұсынып отыр. Байқау арқылы жаңа таланттар ашылып, авторлық әндердің қоржыны да толыға түседі. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл жоба арқылы әрбір маман өз кәсібіне деген мақтаныш сезімін жаңа қырынан танытып, өнер арқылы жеткізе алады. Бұл мәдени бастама кәсіби бедел мен өнердің ұштасуының жарқын үлгісі болмақ.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті