Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Президент мемлекеттік наградалар тапсырды

Президент мемлекеттік наградалар тапсырды
Фото: Ақорда

Президент мемлекеттік наградалар тапсырды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет және қоғам қайраткері Равиль Шырдабаевқа «Отан» орденін, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Серік Тоқпановқа I дәрежелі «Барыс» орденін салтанатты түрде табыстады.

Іс-шарада сөйлеген сөзінде Президент халқымыз Равиль Шырдабаевты егемендік жылдарынан бастап елдік істерге белсене қатысқан әрі мемлекеттігімізді нығайтуға зор үлес қосқан азамат деп айрықша құрметтейтінін айтты.

– Әсіресе, мұнай-газ саласын өркендетуге мол еңбек сіңірдіңіз. Сіздің бастамаңызбен бұл сала жаңа кезеңге қадам басты деуге болады. Министр, облыс әкімі, депутат ретінде ұлт мүддесіне адал қызмет еттіңіз. Дипломатия саласында жұмыс істеп, еліміздің халықаралық беделін нығайтуға атсалыстыңыз. Сондай-ақ сіз – мұнай өндірісіне арналған бірнеше ғылыми еңбектің авторысыз. Халқымыз «Еңбегімен ер сыйлы» деген. Сіздің ерен еңбегіңіз – өскелең буын үшін үлгі-өнеге, – деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар Президент білікті дәрігер, «алтын қолды хирург» ретінде Серік Тоқпановтың саналы ғұмырын ұлт саулығы үшін еңбек етуге арнағанына тоқталды.

– Денсаулық сақтау жүйесінде елу жылдан астам уақыт бойы қызмет етіп келесіз. Дәрігер болу – мамандыққа адал болу деген сөз. Бұл – жүгі ауыр, күрделі жұмыс. Сіз еңбек жолыңызда аса күрделі оталар жасап, мыңдаған адамның өмірін сақтап қалдыңыз. Нағыз жанашыр дәрігер болдыңыз. Қазақстанның медицина ғылымын дамытуға орасан зор үлес қостыңыз. Сіздерге берілетін бүгінгі жоғары мемлекеттік марапат – ел игілігі үшін жасалған табанды еңбектің лайықты жемісі. Бұл – жұртымыздың шынайы ықыласы және зор алғысы, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Равиль Шырдабаев пен Серік Тоқпанов жоғары мемлекеттік марапаттарға лайық көргені үшін Президентке алғыс айтты.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті