Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Көліктегі полицейлер қаза болған әріптестерін бір минут үнсіздікпен еске алды

Көліктегі полицейлер қаза болған әріптестерін бір минут үнсіздікпен еске алды
Фото: Polisia.kz

Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері қаза болған әріптестерін бір минут үнсіздікпен еске алды, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері қызметтік борышын өтеу кезінде қаза тапқан әріптестерінің жарқын бейнесіне тағзым етті. Қазақстан полициясы күні мен “Бейбіт күннің батырлары” акциясы аясында қаза тапқан қызметкерлерге арналған “Мәңгілік ұмытылмас есімдер” мемориалына гүл шоқтары қойылды. Департамент құрылған сәттен бастап 11 қызметкер қызметтік борышын өтеу барысында қаза тапты. Олардың ерлігі мен жанқиярлығы әріптестерінің және азаматтардың жадында мәңгі сақталады. Олар көрсеткен ерлік – нағыз патриотизмнің, Отанға деген сүйіспеншілік пен антқа адалдықтың жарқын үлгісі.

2011 жылы Департаменттің саптық алаңында орнатылған “Мәңгілік ұмытылмас есімдер” мемориалы құрмет пен естеліктің айнымас нышанына айналды. Дәстүр бойынша бұл қастерлі орынға гүл шоқтарын қою рәсімінсіз бірде-бір салтанатты шара өтпейді. Көлік полицейлері ұрпақтар сабақтастығын сақтап, қоғам қауіпсіздігі жолында жанын қиған ерлердің рухына тағзым етуді жалғастырып келеді.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті