Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ШҚО-да тағы бір кадет сыныбы ашылды

ШҚО-да тағы бір кадет сыныбы ашылды
Фото: Polisia.kz

Шығыс Қазақстанда жас отан қорғаушылардың жаңа буыны қалыптасуда, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Өскемен қаласындағы Б. Шаяхметов атындағы №23 орта мектебінде жас полицейлерден құралған «Жас сақшы» атты тоғызыншы кадет сыныбының ашылуы өтті. Бұл ерекше жоба жас ұрпақтың бойына патриоттық рухты дарытып, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру, қоғам игілігі үшін қызмет етуге ұмтылысын тәрбиелеу мақсатында қолға алынған. Сонымен бірге жастарды құқық қорғау органдарында және әскер қатарында адал қызмет етуге даярлауды көздейді.

Кадет сыныбына қызметтік борышын өтеу кезінде қаза тапқан полиция аға лейтенанты Ринат Исаевтың есімі берілді. Ол өз өмірін бейбіт тұрғындардың тыныштығы мен қауіпсіздігін қорғауға арнаған, ерлік пен адалдықтың жарқын үлгісін көрсеткен тұлға ретінде ел есінде мәңгі сақталады.

— Бүгін біз ерекше маңызды оқиғаның куәсі болып отырмыз. Ринат Исаевтың есімі адалдық пен Отанға деген сүйіспеншіліктің символы ретінде мәңгі есте қалады. Бұл сіздер үшін үлкен өнеге. Сіздердің батырларымыздың ерлік жолын жалғастыра алатын, адал әрі қайсар ұрпақ болып өсетініңізге сенемін, – деді Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Серік Манапов.

Салтанатты іс-шарада 23 оқушы еліміздің батыл әрі сенімді қорғаушысы болуға ант берді.

— Енді сіздер жай ғана оқушылар емес, жас полицейлерсіздер. Салтанатты түрде ант беріп, форма киіп, сіздер үлкен құрмет пен жауапкершілік жүктейтін қадам жасадыңыздар. Бұл сіздердің өмірлеріңізде маңызды белес болмақ. Қадамдарыңыз сәтті болып, жолдарыңыз ұзақ та даңқты болсын, – деді Өскемен қаласы ардагерлер кеңесінің төрайымы Зинаида Макарушина.

«Жас сақшы» кадет сыныбы жасөспірімдерге білім мен тәрбиені қатар сіңіретін, патриотизм, ерлік, елге қызмет ету құндылықтарын дәріптейтін ерекше алаңға айналады. Мұнда оқушылар елдің бейбіт өмірі мен тыныштығын сақтауға бағытталған арнайы дайындықтардан өтеді.

Бұл бастама жас ұрпақтың жүрегіне Отанға деген сүйіспеншілік ұялатып, қоғам игілігі үшін адал қызмет ететін болашақ батырларды тәрбиелеудің жарқын үлгісі болмақ.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты