Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

«Отбасы көмек»: елордада әлеуметтік-цифрлық жоба бастау алды

«Отбасы көмек»: елордада әлеуметтік-цифрлық жоба бастау алды
Фото: pixabay.com

Астана қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Лейла Зинашева Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Отбасы көмек» әлеуметтік-цифрлық жобасының қыр-сыры туралы айтты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Спикердің айтуынша, «Отбасы көмек» – бұл азаматтарға неке-отбасы қатынастары саласында, отбасылық жанжалдарды шешу және балалардың құқықтарын қорғау бойынша жедел көмек көрсететін мобильді веб-платформа.

«Жоба аясында мынандай қызмет түрлері ұсынылады: заңгерлік кеңес беру, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау, отбасыларға жағдайға байланысты кеңес беру, сот ұсынған медиаторлар, психологтар, сарапшылар және басқа да мамандар арқылы жанжалды жағдайлардан шығу бойынша ұсыныстар.
Жобаның басты мақсаты – отбасылық дағдарыстарды шешуде кәсіби көмектің қолжетімділігін арттыру», - дейді Лейла Зинашева.

Белгілі болғандай, «Отбасы Көмек» веб-сайты қоғамдық ұйым «Kazbrands» қорының қолдауымен және жобаның тәлімгерлері мен волонтерлерінің, соның ішінде цифрлық технологияларды меңгеріп жатқан жас әзірлеушілері мен дизайнерлерінің белсенді қатысуымен әзірленді.

Олардың үлесі – әлеуметтік қолдауға арналған цифрлық шешімдерді әзірлеуге азаматтық қоғамның қатысуының жарқын мысалы. «Kazbrands» қорының әзірлеушілер командасы мен «Отбасы көмек» жобасы волонтерлікті, технологиялық бастаманы және белсенді азаматтық ұстаным арқылы қоғамдық өзгерістерге деген ұмтылысты біріктірді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті