Алматыда заңсыз құрылыстарға қарсы күрес жалғасып отыр, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қарасай батыр / Жұмалиев көшесі, 126/135 мекенжайында сот шешімімен өз бетінше салынған қосымша құрылыс алынып тасталды. Тексеріс барысында меншік иесінің (жеке тұлға) рұқсат құжаттарынсыз қосымша құрылыс пен кіреберіс салғаны анықталды. Осы үшін оған айыппұл салынып, заңсыз салынған нысанды бұзу міндеттелді. 2025 жылы 13 қаңтарда сот бұл шешімді күшінде қалдырды. Меншік иесі сот шешімін орындау үшін қосымша құрылысты өзі бұзды.Кеше, 17:55
Алматыда заңсыз құрылыстарға қарсы күрес жалғасып отыр

Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз