Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жетісу облысында екі жаңа медициналық нысан пайдалануға берілді

Жетісу облысында екі жаңа медициналық нысан пайдалануға берілді
Фото: ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

Бүгін облыста «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасының шеңберінде Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратовтың қатысуымен екі жаңа медициналық мекеме — дәрігерлік амбулатория және фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Ескелді ауданының Шымыр ауылындағы дәрігерлік амбулатория 2 129 тұрғынға қызмет көрсетуге есептелген және медициналық-санитариялық алғашқы көмек, шұғыл және кезек күттірмейтін медициналық көмек, зертханалық диагностика, сондай-ақ профилактикалық егу қызметтерін ұсынады.

Көксу ауданының Қызылтоған ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пункт (ФАП) 430 тұрғынға қызмет көрсетеді. Ауыл тұрғындарына медициналық көмекті екі орта буын маманы, сондай-ақ пациенттерді қабылдау үшін аптасына 1-2 рет амбулаториядан келетін дәрігер көрсетеді.

ФАП-тың негізгі қызметіне санитариялық-медициналық алғашқы көмек көрсету, аурулардың профилактикасы, скринингтік бағдарламаларды іске асыру, жүкті әйелдер мен балаларға патронаж жасау, сондай-ақ вакцинациялау жүргізу кіреді.

Бұл нысандарды ашу ауылдық жерлерде медициналық инфрақұрылымды дамытуға және тұрғындарды үйге жақын жерде медициналық көмекпен қамтамасыз етуге бағытталған.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады