Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанда 9 106 көппәтерлі үйде МИБ құрылды

2021 жылғы 19 тамызда "Көп пәтерлі тұрғын үйлерді басқарудың жаңа тетіктері. ПИК-тен МИБ-ке өту ерекшеліктері. Проблемалық мәселелер" тақырыбында республикалық онлайн-вебинар өтіп, оған 700-ден астам адам қатысты, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Кездесудің бастамашысы ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық істері комитеті мен "ТКШ ҚазОрталығы" АҚ болды. Тақырып үлкен қызығушылық тудырып, мұндай онлайн-кездесулерді тұрақты негізде - үш айда бір рет өткізіп тұру туралы шешім қабылданды.

Елімізде 50 427 көп қабатты тұрғын үй (КПТҮ) заң бойынша жаңа басқару нысандарына - мүлік иелерінің бірлестігіне (МИБ) немесе жай серіктестікке (ЖС) көшуі тиіс. Әзірге олардың ішінде 9 106 көп қабатты тұрғын үйдің пәтер иелері ғана таңдауын жасаған. Яғни, шамамен 18%-ы. Бұл бағытта Алматы қаласы, Алматы және Қостанай облыстары алда келеді.

Тұрғындарға таңдау жасауға көмектесу үшін "ТКШ ҚазОрталығы" АҚ Басқарма төрағасы Ербол Төлеуов, "ҚР Ұлттық кооперативтер және экономикалық қоғамдастықтардың басқа да нысандары қауымдастығы" ЗТБ президенті Қазыбек Шайх, "Тұтынушылар мен кәсіпкерлерді қорғау одағы" республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Талғат Мұхамедғалиев қала әкімдіктері өкілдерінің қатысуымен түсіндірме вебинар өткізді.

Онлайн-кездесуге ПИК төрағалары мен қызмет көрсететін ұйымдардың басқарушылары ғана емес, барлық мүдделі тұлғалар қатысты.

Пәтер иелері ПИК-тен МИБ-ке өту барысында қандай қиындықтарға тап болатынын айтты. Қызмет көрсететін компаниялар ретінде қайта құрылған ПИК төрағалары "ТКШ ҚазОрталығының" алдына көп пәтерлі тұрғын үйлерді басқаратын мамандарды даярлау мәселесін қойды. Өйткені, тұрғындар оларды таңдап, үйді басқаруды сеніп тапсырады, бірақ МИБ төрағаларының үйді басқаруға қажетті дағдылары жетіспей жатады.

Оларға экономика мен құжат айналымы туралы, яғни: смета, шығындар, ағымдағы жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарына есептеулер, ресми хаттар мен құжаттар, көп пәтерлі тұрғын үй жұмысының технологиялық процестерін білу қажет. Кездесуге қатысушылар сондай-ақ үйлерді басқару мен ұстауға бекітілген ең төменгі тарифтің жоқтығын атап өтті.


Вебинарды ұйымдастырушылар қатысушыларға кері байланыс үшін алғыс айтып, көтерілген мәселелерді шешу және тұрғын үй заңнамасына ұсыныстар әзірлеу үшін бірлескен жұмыс тобын құруға келісті.

Дегенмен, қазірде көп пәтерлі үйлерді басқарудың жаңа нысандарына көшу бойынша келесі байланыс арналары арқылы сұрақтар қойып, кеңес алуға болады: электрондық мекенжай: info@zhkh.kz, @kazcenter_zhkh_bot телеграм-ботында немесе + 7 (7172) 99-94-66, 57-82-72 телефондары арқылы.

Сондай-ақ вебинардың жазба нұсқасын YouTube-тен көріп, сарапшыларды тыңдауға болады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді