Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан мен ЭЫДҰ экономикалық реформаларды қолдау туралы келісімге қол қойды

Қазақстан мен ЭЫДҰ экономикалық реформаларды қолдау туралы келісімге қол қойды
Фото: primeminister.kz

Астана халықаралық форумы (AIF) аясында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) Еуразиялық бәсекеге қабілеттілік бағдарламасын қаржыландыру туралы келісімге қол қойды. Бұл қадам Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің экономикалық әлеуетін нығайтуда жаңа кезеңін ашпақ, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Келісім сараптамалық қолдау мен тиімді экономикалық реформаларды әзірлеуге бағытталған серіктестікті бекітеді. Еуразиялық бәсекеге қабілеттілік бағдарламасы ЭЫДҰ стандарттарын енгізу, құқықтық және институционалдық ортаны жетілдіру, сондай-ақ аймақтың бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы катализатор болмақ.

ЭЫДҰ-ның Жаһандық байланыстар және ынтымақтастық жөніндегі директоры Андреас Шааль Қазақстанға бағдарламаны жүзеге асыруға қосқан елеулі үлесі үшін алғыс білдірді.

«Біз Қазақстанның әлемдік озық тәжірибелерді ілгерілетуге және Еуразия аймағында тұрақты экономикалық орта құруға ұмтылысын жоғары бағалаймыз», — деп атап өтті ол.

Астана халықаралық форумының «Building Economic Resilience» панельдік сессиясында ЭЫДҰ сарапшылары Қазақстанның мемлекеттік басқару, цифрландыру және инновациялық технологияларды енгізу реформаларындағы жетістіктерін ерекше атап өтті. Бұл жетістіктер халықаралық рейтингтердегі жоғары позициялармен расталып, Қазақстанның аймақтық көшбасшы ретіндегі беделін нығайтады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді