Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Түркістанда полиция мен еріктілер есірткі жарнамаларын жойды

Түркістанда полиция мен еріктілер есірткі жарнамаларын жойды
Фото: Polisia.kz

Түркістанда полиция мен еріктілер есірткі жарнамаларын жойды, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Түркістан облысында есірткіге қарсы күрес пен құқықтық тәртіпті нығайту бағытында ауқымды профилактикалық жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Жыл басынан бері бұл іс-шараларға 59 мыңнан астам адам – оқушылар, студенттер, ата-аналар мен жергілікті тұрғындар тартылған. Түркістан облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы нашақорлықтың алдын алу мақсатында арнайы акция ұйымдастырды. Іс-шара барысында полиция қызметкерлері мен еріктілер бірлесіп, Түркістан және Кентау қалаларындағы көпқабатты үйлер мен қоғамдық орындарда жазылған, есірткі саудасын насихаттайтын 80-нен астам граффити жазуды жойды. Сонымен қатар тұрғындармен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, есірткінің зияны мен салауатты өмір салтын ұстанудың маңызы жөнінде ақпараттық жадынамалар таратылды.

Полиция өкілдері есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың аналогтарын, сондай-ақ прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау – ауыр қылмыс екенін ескертеді. Мұндай әрекеттер үшін қылмыстық жауапкершілік, оның ішінде бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Қоғамның денсаулығы мен болашағы үшін күрес – әрбір азаматтың ортақ борышы екенін ұмытпайық.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады