2025 жылдың 28 сәуірінде Шерзат Полатты өлтіру ісі бойынша өтіп жатқан сотта, куәгер Нұрбекова "Қамажай" дүкенінің алдында болған қайғылы оқиғада мылтықты кім атқанын айтты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында куәгер Эльмира Нұрбекованың жауап алуы жалғасты. Қорғаушылар одан кісі өлтіру оқиғасы болған күні бірнеше рет мылтық атқан адамның бейнесін сипаттап беруін сұрады. Оның айтуынша, бұл марқұм Шерзат Полаттың ағасы Нұрғанат Гаепбаев болған.
"Ол сақалды ер адам еді, басында кепка, үстінде сұр түсті футболка немесе жейде, қара спорттық шалбар болды. Алдымен оны суреттен таныдым. Кейін беттестіру барысында тағы көрдім. Тегін есіме түсіре алмаймын. Ол шатаспасам жәбірленуші тараптан, марқұм баланың ағасы", – деді Эльмира Нұрбекова.
Сонымен қатар, Нұрбекова Шерзат Полаттың әжесі Жұмабек Қадирова болған оқиғаны видеоға түсіргенін де еске түсірді.
"Сот процесін көрген кезде, оны бір жерден көргенімді есіме түсірдім. Ол әйел орамал тағып алған болатын, содан мен оның марқұм баланың әжесі екенін түсіндім, ол бәрін видеоға түсіріп жатты. Мен оған "неге түсіресіз, оның орнына жедел жәрдем шақырыңыз" деп айттым", – деді Эльмира Нұрбекова.