Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Миллиондаған теңгенің автокөліктері: Жетісуда ірі алаяқтық қылмысы әшкереленді

Миллиондаған теңгенің автокөліктері: Жетісуда ірі алаяқтық қылмысы әшкереленді
Фото: Polisia.kz

Миллиондаған теңгенің автокөліктері. Жетісуда ірі алаяқтық қылмысы әшкереленді, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Панфилов ауданына қарасты Атамекен ауылында автокөліктерді заңсыз иемденуге байланысты ірі алаяқтық дерегі анықталды. 33 және 34 жастағы екі ер адам алдау және сенімді теріс пайдалану арқылы 13 автокөлікті иемденіп, жалпы сомасы 314 миллион теңгеден астам материалдық шығын келтірген. Алаяқтардың алғашқы құрбаны – Қытай азаматы болған. Олар бұл азаматқа автокөліктерін Грузияға жеткізіп береміз деп уәде беріп, нәтижесінде алты көлігін алып кеткен: Jetour (үш автокөлік), Mercedes C260, Mercedes C260L және Mercedes GLC 260L. Кейін бұл көліктер Шымкент пен Жамбыл облысына жеткізіліп, таныстарына сатылған. Алаяқтар мұнымен тоқтамаған. Келесі құрбан – көлік тасымалымен айналысатын жеке кәсіпкер болған. Беларусь Республикасына көлік жеткізу үшін автокөлік тасымалдайтын көлігі бар жүргізуші іздеген кәсіпкер алаяқтармен танысып қалған. Бұл жолы олар жеті көлікті иемденген: Range Rover, Mini Cooper SE, Li 7 (үш автокөлік) және екі Li 9 (2 автокөлік). Қытайлық бес көлік Жамбыл облысына жеткізіліп, алаяқтардың ортақ танысына сатылса, қалған Range Rover мен Mini Cooper SE Алматыда арзан бағамен өткізілген.

Қазіргі таңда алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс сотқа жолданды. Күдіктілер қамауға алынды. Алаяқтардың алғашқы құрбанына айналған Қытай азаматы қылмысты жедел ашқаны үшін полиция қызметкерлеріне және Жетісу облысы полиция департаментінің басшылығына шынайы алғысын білдірді. Оның айтуынша, құқық қорғау органдарының жедел әрі кәсіби іс-әрекеттерінің арқасында күдіктілер қысқа мерзімде анықталып, әділдік орнауына мүмкіндік туды.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі