Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елімізде әр алтыншы отбасы бедеулік мәселесіне тап болып отыр

Елімізде әр алтыншы отбасы бедеулік мәселесіне тап болып отыр
Фото: pixabay.com

Елімізде әр алтыншы отбасы бедеулік мәселесіне тап болып отыр. Ал жыныстық инфекция жұқтырған жастардың 60%-ы медициналық көмекке жүгінбейді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Бұл туралы ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Жұлдызай Ысқақова айтты.

— Денсаулық сақтау министрлігінің зерттеуі бойынша жыныстық жолмен берілген инфекция белгілері бар жастардың 60%-дан астамы медициналық көмекке жүгінбейді. Бүгінде Қазақстандағы әрбір алтыншы отбасы бедеулік мәселесіне тап болып отыр. Бұл жағдай ерлерге де, әйелдерге де бірдей қатысты. ДДСҰ (Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы) мамандарының пікірінше, мұндай көрсеткіш ұлттық қауіпсіздікке төнген қатер болып саналады, — деді ол ОКҚ алаңында.

Сондай-ақ спикер бұл мәселемен күрес үшін мемлекет жыл сайын мыңдаған квота бөліп келе жатқанын атап өтті.

— 2021 жылдан бастап Президенттің тапсырмасы бойынша «Аңсаған сәби» арнайы бағдарламасы жүзеге асырылып келеді, соның аясында ЭКО (экстракорпоральді ұрықтандыру) бағдарламаларына жыл сайын мыңдаған квота бөлінеді. Бұл репродуктивті денсаулық саласында ашық әрі ғылыми негізделген диалогты қажет ететін терең проблемалардың бар екенін көрсетеді, — деді Жұлдызай Ысқақова.

Бұған дейін белгілі қазақстандық репродуктолог елімізде не себепті орташа бедеулік көрсеткіші 17 пайыздан түспей тұрғанын айтқан еді.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді