Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы облысында мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Алматы облысында мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Фото: Polisia.kz

Алматы облысында мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы облысының Балқаш ауданында мал ұрлығына қатысы бар қылмыстық топ құрықталды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Жамбыл ауданында үш ер адам мал ұрлығына күдікті ретінде ұсталды. Тергеуге Береке ауылынан 8 шақырым жердегі жайылымнан ірі қараның жоғалуы жөнінде жергілікті тұрғынның арызы түрткі болды. Жәбірленушіге келтірілген залалдың жалпы көлемі 2,4 млн теңгені құраған. Аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Жедел шаралар кезінде Береке ауылы маңында Volkswagen Jetta көлігі тоқтатылып, оның ішінен екі ер адам мен мал еті, тегіс ұңғылы мылтық, балта және пышақ табылды. Кейін үшінші күдікті де қолға түсті. Үшеуі де уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта тергеу барысында бұл топтың оннан астам мал ұрлығына қатысы бары анықталды. Олардың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде. Полиция департаменті ауыл тұрғындарына малды қараусыз қалдырмауды, ұйымдасқан жайылымдарға сеніп тапсыруды, бейнебақылау орнатуды және малдың қозғалысын бақылау құралдарын пайдалануды ұсынады. Күдік тудыратын адамдар мен көліктер байқалған жағдайда дереу полицияға хабарлау қажеттігін ескертеді.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді