Шұғыл медициналық көмек көрсету үшін ҚР ТЖМ "Қазәуеқұтқару" ММ ұшқыштары Руслан Ағламбеков пен Шыңғыс Есімханов Зайсан ауданынан Өскеменге "Ми-8" тікұшағымен ер адамды жеткізді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Бортта санавиация дәрігерлерінің бригадасы бірге барды.
"Ұшқыштар мен дәрігерлердің тәжірибесі мен кәсібилігінің арқасында 1955 жылы туған пациент медициналық мекемеге сәтті түрде дереу жеткізіліп, мамандардың бақылауына табысталды", - делінген хабарламада.