Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада электр қуатының құнын 24,43 теңгеден 31,67 теңгеге көтеру мәселесі талқыланып жатыр

Астанада электр қуатының құнын 24,43 теңгеден 31,67 теңгеге көтеру мәселесі талқыланып жатыр
Фото: pixabay.com

Астана қаласы Табиғи монополияларды реттеу департаментінің табиғи монополиялар мен бағаларды реттеу бөлімінің басшысы Нұрлан Қайрат елорда тұрғындары үшін электр қуатының тарифі 1Киловат/сағат үшін 24 теңге 43 тиыннан 31 теңге 67 тиынға дейін көтерілуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.

- Қазір департаменттің қарауында «Астана-Аймақтық электр желілік компаниясы» акционерлік қоғамының электр қуатымен жабдықтау тарифі туралы өтінімі жатыр. Шілде айында «Астанаэнергосбыт» ЖШС жұмысын тоқтатып, орнына «Астана- Теплотранзит» компаниясы келеді. Ол кезде де «Астана- Теплотранзит» біздің департаментке өтініммен шығады. Жыл аяғына дейін коммуналдық салада басқа өтінімдер тіркелген жоқ, - деді ол әлеуметтік желі арқылы тікелей эфирде өткен қоғамдық қабылдауда.


Айтуынша, коммуналдық компания электрмен жабдықтау құнын жеке тұлғалар үшін қазіргіден 7 теңге 24 тиынға қымбаттатуды ұсынып отыр.

- Қазіргі таңда өтінім берушінің жобасы бойынша электр қуатымен жабдықтау тарифін 29 пайызға көтеру ұсынылды. Бірақ ол әлі бекітілген жоқ. Департамент әлі қарап жатыр. Қазіргі таңда «Астанаэнергосбыттың» орташа тарифі – 1 КВт/сағ-қа 24 теңге 43 тиын. Олар ұсынып отырған жоба бойынша осы соманы 31 теңге 67 тиынға жеткізу ұсынылған, - деді ол.


Бұған дейін Астанада сарқынды суға қатысты тариф өсуі мүмкін екенін жазған едік.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады