Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шерзат Болаттың өлімі: іс осы аптада сотқа түседі

Шерзат Болаттың өлімі: іс осы аптада сотқа түседі
Фото: бейнескриншот tengrinews.kz

Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Талғардағы жасөспірім Шерзат Болаттың (Полатты) өліміне қатысты іс бойынша пікір білдірді, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, іс жақын арада сотқа түседі.

"Қазіргі уақытта Шерзаттың ісі прокуратурада қаралып жатыр. Біз оны жақын күндері, осы аптада, сотқа түседі деп күтіп отырмыз", – деді Әділов Мәжіліс кулуарында.

Алайда сот отырысының өзі нақты қашан басталатынын ІІМ өкілі айта алмады.

"Бұл – соттың құзыреті. Іс сотқа түскеннен кейін судья тағайындалады, ол негізгі сот процесін жүргізеді. Кейінірек бұл туралы соттың өзі нақты түсініктеме бергені дұрыс болады", – деп түсіндірді вице-министр.

Еске салайық, 4 қазанға қараған түні Талғарда жасөспірім айуандықпен өлтірілген. 16 жастағы Шерзат Болат дүкенде әкесіне көмектесіп жүрген, осы кезде тұтынушымен жанжал басталған. Сатып алушы достарына телефон соғып, олар келіп Шерзатты пышақтап, басына мылтықпен ұрған. Жанжал кезінде Шерзаттың әкесі, ағасы да соққыға жығылған. Шерзат Болатты әкесі ауруханаға жеткізген, бірақ оны құтқару мүмкін болмады.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді