18 сағаттың ішінде 6 түрлі зымыран тасығыш орбитаға ұшты. Осылайша, бұған дейінгі 24 сағат ішінде 4 зымыран ұшқан әлемдік рекорд жаңартылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Naked Science мәліметі бойынша, алғашқы зымыран Қытайдан аттанған. Онда 28 сәуірде ауыр Long March 5B зымыраны Хайнань аралында орналасқан Вэньчан ғарыш айлағынан, Guowang кеңжолақты байланыс мегажүйесіне арналған спутниктерді төменгі жер орбитасына ұшырды.
32 минуттан кейін Калифорниядағы Ванденберг ғарыш күштерінің базасынан SpaceX компаниясының Falcon 9 зымыраны ұшырылып, төменгі жер орбитасына 27 Starlink интернет спутнигін жеткізді.
Содан кейін, 29 сәуірде Флоридадағы Канаверал мүйісіндегі ғарыш күштерінің станциясынан United Launch Alliance компаниясының Atlas V зымыраны Project Kuiper кеңжолақты байланыс мегажүйесіне арналған алғашқы спутникті ұшырды.