Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

«Бірлігі жарасқан Алматы»: қала достық пен бейбітшілік мерекесін атап өтті

«Бірлігі жарасқан Алматы»: қала достық пен бейбітшілік мерекесін атап өтті
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай Қазақстан халқының бірлігі күні кең көлемде аталып өтті. Мерекелік бағдарлама «Бірлігі жарасқан Алматы» деген атаумен өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Басты іс-шара Абай атындағы алаңда, Республика сарайының алдында ұйымдастырылып, мыңдаған қала тұрғыны мен қонағы жиналды. Күннің басты оқиғаларының бірі - 11.00-ден басталып, 21.00-ге дейін созылатын концерт. Мерекеге қала әкімі Ерболат Досаев қатысты.

Сахнадағы атмосфераны қазақстандық эстрада жұлдыздары – L Duo дуэті, пианист Ratovich , «Дервиши» және Madein KZ топтары және басқалар жасады. Концерттің хедлайнерлері ҚР Халық әртісі Роза Рымбаева мен Башқұртстаннан келген Ay Yola тобы болды. 

Мерекелік іс-шаралар Алматының барлық ауданында өтті: этномәдени бірлестіктер қонақтарды ұлттық би билеп, ән айтып және дәстүрлі тағамдар ұсынды. Сонымен қатар, қалада жәрмеңкелер, спорттық турнирлер, аула концерттері мен экологиялық акциялар ұйымдастырылды.

Мектеп оқушыларынан бастап зейнеткерлерге дейін 300 – ге жуық адам қатысқан Тұңғыш Президент саябағындағы «Бірлік жүгірісі» бірліктің символы болды. Ал Абай алаңында елді ерекше қызықтырған нысанның бірі Қазақстан халқы Ассамблеясының тарихына арналған «Халықтар бірлігі назарда» атты фотокөрмесі еді.

«Бірлік күні – біздің басты күшіміз – мәдени әртүрлілік екенін еске салатын күн. Алматы — ұлтаралық келісім мен достықтың қаласы. Ассамблеяның мерейтойлық жылында әрбір тұрғын өзін үлкен, ұйымшыл қоғамның бір мүшесі ретінде сезінуі үшін жұмысымызды жалғастырамыз. Бұл қоғамда мәдениет, дәстүр мен өзара құрмет ең жоғары құндылық саналады», – деді Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Всеволод Лукашев.

Қазақстан ұйғырларының республикалық мәдени орталығының төрағасы Абдулхалил Долкунтай:

«Бұл күн – біз үшін жай ғана мереке емес, ортақ тарих пен тағдырдың символы. Біз әрбір ұлт дәстүрін сақтап, ел дамуына үлес қоса алатын мемлекетте өмір сүріп жатқанымызды мақтан тұтамыз. Мұндай іс-шаралар өзара түсіністік пен мәдени алуандықтың еліміздің болашағы үшін қаншалықты маңызды екенін көрсетеді», – деді.

Кешке Абай алаңындағы концертте Айқын Төлепберген, Бүркіт, «Марсель» тобы және басқа да әртістер өнер көрсетеді деп күтілуде.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті