Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады
Фото: primeminister.kz

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құрметті отандастар!

Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Дана халқымызда «Бірлігі бекем ел озар» деген жақсы сөз бар. Ел бірлігін, барша ұлт пен ұлыстың ынтымағын ту еткен қастерлі құндылықтар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың стратегиялық бағыт-бағдарының берік тұғырына айналды. Өзара түсіністік пен келісімнің арқасында Қазақстан жаһандық сын-қатерлерді жұмыла еңсеріп, озық ойлы ұлт болып ұйысу жолында нық қадам басып келеді.

Барын бағалай білген, бейбітшілік пен жарастық үстемдік құрған елдің келешегі кемел. Ауызбіршілік және татулық сияқты асыл қасиеттерді сақтау – бәріміздің перзенттік парызымыз болып қала бермек.

Баршаңызды ұлық мерекемен құттықтай отырып, мықты денсаулық, отбасыларыңызға құт-береке, еңбектеріңізге табыс тілеймін!,-делінген хабарламада. 

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады