Қазақстан аумағына жаңбыр мен найзағай алып келген циклон ел аумағынан тез арада шығып кетеді, деп хабарлайды kazlenta.kz.
Оның орнына батыстан антициклон кіріп, алдымен еліміздің батысында, кейін солтүстігі, шығысы мен орталығында жауын-шашынның тоқтауына және ауа температурасының айтарлықтай төмендеуіне алып келеді. 29–30 сәуірде Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай облыстарында, ал 30 сәуір–1 мамыр аралығында Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Ұлытау мен Абай облыстарында түнгі уақытта ауа температурасы нөлден төмен көрсеткіштерге дейін төмендейді.Бүгін, 11:52
Еліміздің бірнеше аймағында үсік жүреді

Фото: pixabay.com
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз