Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Павлодарда полицейлер қару айналымын бақылауды күшейтті

Павлодарда полицейлер қару айналымын бақылауды күшейтті
Фото: Polisia.kz

Павлодарда полицейлер қару айналымын бақылауды күшейтті, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Павлодар облысында заңсыз сақталған атыс қаруы мен оқ-дәрілерді анықтау және оларды айналымнан алу мақсатында "Мерген" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Іс-шара аясында полиция қызметкерлері азаматтық қару иелерін, сондай-ақ шаруа қожалықтарын, ауылдық және шалғайдағы елдімекендерді тексеруді қолға алды. Құқық қорғау органдары қаруды сақтау ережелері мен қайта тіркеу мерзімдерінің сақталуына ерекше мән беруде. Тек бес күннің ішінде тәртіп сақшылары өңір бойынша 1266 шаруа қожалығы мен шалғайдағы нысандарды, сондай-ақ 2156 қару иесін тұрғылықты жері бойынша тексеріп шықты. Мысалы, Успен ауданының тұрғыны азаматтық қаруды нақты тұратын мекенжайы бойынша тіркеуден өткізбеген. Осылайша ол қаруды есепке қою тәртібін бұзған. Бұл дерек бойынша ауыл тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Полиция қызметкерлері қару иелерін "Заң және Тәртіп" қағидатын басшылыққа ала отырып, атыс қаруын сақтау, пайдалану және тіркеу ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Сонымен қатар тұрғындарға заңсыз сақталған қаруды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды ерікті түрде тапсырудың маңыздылығы ескертілді. Мұндай жағдайда азаматтар әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктен босатылып қана қоймай, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақшалай сыйақыға да ие бола алады. Полиция қоғам тыныштығы мен қауіпсіздігі үшін әрбір азаматтың жауапкершілігі маңызды екенін атап өтеді.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты