Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

“Жасөспірім” ЖПІШ: Алматыда 100-ден астам ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды

“Жасөспірім” ЖПІШ: Алматыда 100-ден астам ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Фото: Polisia.kz

Алматыда халық көп шоғырланған аудандарда полиция қызметкерлері түнгі уақытта балалардың жүріс-тұрысын тексерді, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы қаласында “Жасөспірім” республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасып жатыр. Іс-шараның басты мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, панасыз және қараусыз қалған жасөспірімдерді анықтау, сондай-ақ отбасылармен және жастармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Мәселен, Алматы қаласының Әуезов ауданында ювеналды полиция қызметкерлері іс-шараның алғашқы тоғыз күні ішінде түнгі уақытта балаларының көшеде жүруіне жол берген және басқа да құқық бұзушылықтар жасаған 100-ден астам ата-ананы әкімшілік жауапкершілікке тартты. Панасыз және қараусыз қалған 8 жасөспірім балаларды қолдау орталығына орналастырылды. Сонымен қатар ювеналды полиция бөлімшесінде бала тәрбиелеу міндеттерін орындамаған 3 отбасы мен 4 кәмелетке толмаған бала есепке алынды.
– Біз тек заң бұзушылықтарды тіркеп қана қоймай, сонымен қатар балалардың қараусыз қалуына не себеп болғанын анықтап, оны жоюға тырысамыз. Балалардың қауіпсіздігіне, ең алдымен, ата-аналар жауапты. Сол себепті оларды кешкі және түнгі уақытта балаларының бос уақытына мұқият болуға шақырамыз, – деді Әуезов аудандық полиция басқармасы бастығының орынбасары Дәурен Майликбаев.

Полиция кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында білім беру мекемелерінде, көшелерде рейдтер өткізіп, отбасылармен түсіндіру жұмыстарын жалғастырып жатыр.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты