Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанда «Аңсаған сәби» бағдарламасының арқасында 7000-нан астам сәби дүниеге келді

Қазақстанда «Аңсаған сәби» бағдарламасының арқасында 7000-нан астам сәби дүниеге келді
Фото: primeminister.kz

Үкіметте «Аңсаған сәби» жобасының жүзеге асу барысы қаралды. ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова бағдарламаның басы-қасында жүрген репродуктолог мамандармен, қоғам белсенділерімен және Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асып келе жатқан бағдарлама арқылы 7 мыңнан аса нәресте дүниеге келген болатын. «ЭКОМЕД» адам репродукциясы клиникалар тобының ғылыми жетекшісі Салтанат Байқошқарова бала сүюді аңсаған азаматтар арасында оған сұраныс артып келе жатқанын жеткізді.

«Денсаулық сақтау министрлігімен тығыз қарым-қатынаста атқарылған жұмыстардың нәтижесінде бірқатар мәселелер шешімін тапты. Өз кезегін күткен жұптар қазір бұрынғыдан қарағанда квотаға жылдамырақ қол жеткізетін болды. Репродуктология саласы қарқынды дамып келеді. Соңғы кездері эмбриондарды креоконсервациялаудың арқасында экстракорпоралды ұрықтандыру әдісінің нәтижелілігі артты», — деді Салтанат Байқошқарова.

Экстракорпоралды ұрықтандыру ісінде қоғамдық ұйымдар да ат салысуда. Мәселен, «Mariyam» қайырымдылық қорының көмегімен 10 cəби дүниеге келген. Ұйымның қамқоршылық кеңесінің төрайымы Ләйлә Сұлтанқызы жобаны одан әрі жетілдіруге болады деген пайымда. Бұл ретте сала мамандарымен бірлесе отырып, бірқатар ұсынысты ортаға салды. 

Қазіргі уақытта елімізде жасанды ұрықтандыру ісімен 31 орталық айналысады. Оның 19-ы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің шеңберінде қызмет көрсетуде. Оларға қарастырылған квоталарды бөлу тәртібін қайта қарастыру ұсынылды. Сондай-ақ экстракорпоралды ұрықтандыру шарасына кететін шығындарды қайта қарау, тиісті ақпараттық жүйелер арасындағы интеграцияны күшейту жағы сөз болды. Тамара Дүйсенова ұсыныстарға байланысты Денсаулық сақтау министрлігіне тиісті тапсырмалар берді.

Сондай-ақ вице-премьер мәселенің салдарымен қатар, себебімен жүйелі жұмыс қажет екенін атап өтті. Ресми дерекке сай, елімізде 4 мыңнан астам ер азаматқа және 29 мыңнан аса әйел адамға бедеулік диагнозы қойылған. 

«Ең алдымен жас өспірімдер, ата-аналардың, жалпы халық арасында саламатты өмір салтын ұстануға байланысты ақпараттық-насихат жұмысы күшейтілуі шарт. Қажетті медициналық профилактикалық тексеру шараларымен қамту маңызды. Бір сөзбен айтқанда, дені сау ұрпақ тәрбиелеу үшін кеселдің алдын алуға күш салуымыз қажет. Адам ағзасында патология анықталған жағдайда ерте бастан алғашқы көмек беру жүйелі жүргізілуі керек», — деп атап өтті Тамара Дүйсенова.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді