Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Черногория билігі Дина Таңсәріні қамаудан босатты

Черногория билігі Дина Таңсәріні қамаудан босатты
Фото: t.me/dina_tansari

Черногория билігі "НеМолчи.kz" қорының басшысы Дина Таңсәріні (Динара Смайылова) қамаудан босатты. Бұл туралы Instagram-да nemolchikz_official мәлімдеді, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

"Дина босатылды! Черногория Жоғарғы соты Динаны экстрадициялаудан бас тартты! Барлығыңызға көп рақмет!" - деп жазылған қор парақшасында.

Айта кетейік, бұған дейін "НеМолчи.kz" қорының басшысы Дина Таңсәрі (Динара Смаилова) Черногорияда ұсталғанын мәлімдеді. Ол 14 сәуірде Астана уақытымен шамамен 18:30-да видеоүндеу жолдап, полиция бөлімшесінде отырғанын айтып, 15 сәуірде экстрадиция мәселесі бойынша сот өтетінін хабарлады.

2024 жылы желтоқсанда Алматы, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарының Полиция департаменттері "НеМолчи.kz" қорының жетекшісі Динара Смайыловаға (Дина Таңсәрі) қатысты алты қылмыстық істі тергеп жатқанын мәлімдеген болатын. Көрінеу жалған ақпарат тарату, жеке өмірге қолсұқпау құқықтарын бұзу, сонымен қатар, алаяқтыққа байланысты екі іс бойынша тергеу жүргізіліп жатқаны айтылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді