Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

2028 жылға дейін Астана агломерациясы қалай дамиды

2028 жылға дейін Астана агломерациясы қалай дамиды
Фото: Астана қ.әкімдігі

Астана агломерациясына кіретін елорда мен Ақмола облысының елді мекендері арасындағы өзара іс-қимыл мәселелері Қосшы қаласында өткен жиында талқыланды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілішсі Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шараға Астана және Ақмола облысының әкімдері, өңірлік басқармалар мен аумақтық департаменттердің басшылары қатысты. Еске сала кетейік, агломерация құрамына Астана және Қосшы қалалары, сондай-ақ Целиноград, Аршалы және Шортанды аудандарының 45 елді мекені кіреді. 2024–2028 жылдарға арналған Астана агломерациясын дамыту жөніндегі кешенді жоспар аясында Ақмола облысында 245 іс-шараны жүзеге асыру көзделген.Жиынды Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов ашты.Өз сөзінде өңір басшысы агломерацияны дамыту Астана мен Ақмола облысы арасындағы берік географиялық, экономикалық және әлеуметтік байланыстарға негізделетінін атап өтті.
«Бүгінгі таңда Астана агломерациясын дамытуға бағытталған ірі жобалар іске асырыла бастады. 2024 жылы 8 мектеп салынды, 26,5 мың адамға газ жеткізілді, маңызды қосалқы станция қайта жаңғыртылып, ондаған шақырым жолдар мен сумен жабдықтау нысандары салынды. Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба аясында жаңа нысандар пайдалануға берілді. Ақмола облысы үшін басым бағыттардың бірі – елорданың азық-түлік белдеуін қалыптастыру болып қала береді. Өнім жеткізу көлемін ұлғайтып, оны төмендетілген бағамен сататын сауда нүктелерін көбейту жоспарлануда. Туризмді дамытуға да ерекше назар аударылып отыр. «Aqmola Invest» инвестицияларды дамыту орталығы құрылды. Қазіргі таңда терең өңдеуге бағытталған, көлік-логистика орталығын құру және басқа да ірі жобалар жүзеге асырылуда. Бұл қосымша жұмыс орындарын ашып, елордаға көшу қарқынын төмендетуге мүмкіндік береді», – деді Марат Ахметжанов.

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек өз сөзінде ортақ мәселелерді шешуде жүйелі тәсілдің маңыздылығын атап өтті:

«Екінші жыл қатарынан 2024–2028 жылдарға арналған Астана агломерациясын дамыту жөніндегі кешенді жоспар жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Өткен жылы қалада сауда-өнеркәсіп саласында 8 жоба іске асырылды. Биыл инженерлік инфрақұрылым, көлік, қала құрылысы, адами капиталды дамыту, экология және қауіпсіздік салаларында 40-қа жуық жобаны іске асыруды жоспарлап отырмыз. Қала маңындағы көші-қонның белсенді ошағы болып саналатын Қосшы қаласымен өзара іс-қимылдың маңыздылығын ерекше атап өткім келеді. Қосшымен біртұтас көлік жүйесі қалыптастырылып, қала құрылысы жоспарлары келісілуде, инженерлік инфрақұрылымды, соның ішінде электрмен жабдықтау мен газдандыру желілерін үйлестіру жұмыстары жалғасып жатыр», – деді Астана әкімі.

Жиында Ақмола облысы әкімінің орынбасары Ернар Жаркешов инфрақұрылымды дамыту және басым жобаларды жүзеге асыру туралы баяндама жасады. «Астана бас жоспары» мекемесі директорының орынбасары Азамат Хамитов агломерацияны дамыту барысы жөнінде баяндады. Тараптар инженерлік және көлік инфрақұрылымын дамыту, азық-түлік белдеуін кеңейту жөніндегі бірлескен жобаларды талқылады. Сондай-ақ туризм әлеуетін дамыту, инвестициялық ахуалды жақсарту және жаңа өндірістерді іске қосу мәселелеріне баса назар аударылды. Кездесу соңында тараптар Астана агломерациясын дамытудың кезек күттірмейтін мәселелерін шешу бойынша бірлескен іс-қимыл жоспарын әзірлеуге келісті.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты